Ғылыми кеңесінде университеттің жаңа бренді мен логотипі таныстырылды: KOZYBAYEV UNIVERSITY

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті үлкен өзгерістер алдында тұр. Университеттің қарқынды дамуы жаңа маркетингтік стратегияны, визуалды бейнені өзгертуді және брендтің тұжырымдамалық идеологиясын өзгертуді талап етеді. Ребрендингтің басты мақсаты- ЖОО-ның білім беру қызметтері нарығында табысты алға жылжуы және оның халықаралық кеңістіктегі тартымдылығын арттыру үшін жаңа бірегей және есте қаларлық стиль жасау.

Университет бренді жаңа логотиппен қалыптаса бастады. Шығармашылық байқауда Эльвира Бейсембаева жеңіске жетті: ол әзірлеген логотип қарапайымдылығымен, ықшамдығымен және динамикасымен ерекшеленеді. Ол фирмалық белгіден және университет атауының бірегей графикалық жазуынан тұрады.

Фирмалық белгі ЖОО атауының бас әріптерін білдіреді, сондай-ақ қалқан мен кітаптың бейнелерін қосады. Қалқан дәстүрді, абырой мен сенімділікті, ал кітап — білімді білдіреді. Атауды графикалық жазу фирмалық белгі сияқты, брендтің қозғалысын, прогресін және ұмтылысын көрсететін көлбеу бар.

Университет толыққанды брендбукты құру, көп бейінді ЖОО көшбасшыларының бірі ретінде жайғастыру және жаңа брендті ілгерілету бойынша үлкен жұмыс күтуде.

29.06.2020