Осы аптада "Музыкалық пәндер" кафедрасының студенттері өздерінің жеңістерімен қуантты. Екінші курс студенті Александр Плотник "Осеннее Сварожье" халықаралық байқау-фестивалінде (Мәскеу қ.) I дәрежелі лауреат атанды. Ол 16-19 жас аралығында "Эстрадалық вокал" (соло) номинациясында бақ сынады. Байқау қашықтықтан өтті, бейне қойылымдар ұйымдастырушыларға – ресейдің дарынды балаларды қолдау жөніндегі "Ингениум" қайырымдылық қорына жіберілді.
Александр Плотник фестивальдің 160-тан астам қатысушысы арасында жүзден жүйрік атанды. Ол әйгілі "Дельтаплан" әнін орындады: "Бұл менің сүйікті әндерімнің бірі, ол өзінің икемділігімен ерекшеленеді, ол дауыстың техникасы мен ауқымын жақсы ашады. Бұл жерде махаббат, еркіндік және әбігерге түсу мүмкіндігі туралы сөз болып отыр", - деп бөлісті студент.
Сонымен қатар, Қозыбаев университетінде "Музыкалық білім" және "Мәдени-тынығу жұмысы" мамандықтарының бірінші курс студенттеріне арналған "Менің мамандығымның беделі" атты жыл сайынғы халықаралық қашықтықтан эссе байқауы өткізілді. Онда да жинаған баллдар сомасы бойынша I орын біздің студенттіміз Даяна Шаукероваға (МБ-20Қ тобы) берілді. Жыл сайын қатысушылардың географиясы кеңеюде. Бұл жолы 30-дан астам жұмысты Алматы, Семей, Санкт-Петербург (РФ), Вологда (РФ) қалаларынан және Петропавл қаласының студенттері жіберді.
Эсседе олар таңдаған мамандығын, оның қазіргі әлемдегі қажеттілігін, музыкалық және шығармашылық тәжірибесін түсінді. Ұсынылған тақырып бойынша жан-жақты талқылады. Олар өздерінің болашақ жұмыстарын жоғары бағалап және оған үлкен жауапкершілікпен қарауда, өйткені олар балаларды сұлулық әлемімен - музыкамен таныстыруы керек.