Сөздәйектер галереясы
Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.
Сергей Пашковқа "профессор" атағы берілді
Жағымды жаңалық пен игі бастама! Қозыбаев университетінің "Математика және жаратылыстану ғылымдары" факультетінің деканы, география ғылымдарының кандитаты Пашков Сергей Владимировичқа ҚР Білім және ғылым министрлігі саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті "Ғылыми атақ беру туралы" Комитет төрағасы міндетін атқырушысының бұйрығымен профессор ғылыми атағы берілді.
Қозыбаев университетінің деканы Сергей Пашковты шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, еліміздің білім және ғылым саласында атқарып отырған абыройлы қызметі мен еңбегіне шығармашылық табыс тілейді.
