Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Жақсылық жүректі жібітеді
24.02.2021ж. «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен №2 жатақханада «Жақсылық жүректі жібітеді» атты сырласу сағаты өтті. Іс-шарада факультетінің тілек білдіруші студенттері қатысты. Іс-шара «Алғыс айту күніне» орай ұйымдастырылды.
Алғыс айту күнінің пайда болу тарихы жөнінде мәлімет беріліп, шағын видео-ролик көрсетілді. Қатысқан студенттер видео-ролик жөнінде өз ойларымен бөлісіп, алған әсерлерін және бір-бірлеріне деген алғыс тілектерін жазып қалдырды.