Сөздәйектер галереясы
Педагог - жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.
А.В.Луначарский
конкурс «Тәуелсіз елдің көшбасшы жастары»
«Bilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің көшбасшы жастары» атты республикалық байқау өткен болатын. Байқау мақсаты, міндеттері: Қазақстан Республикасының көшбасшы жастарының арасында байланыс орнату, оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, жастардың бойында патриоттық сезімді ұялатып, отанға деген құрметтерін күшейту.
Нәтижесінде ТПП-17-2-қ тобының студенті Ақылбеков Чингизхан Нұрланұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
03.03.2021
