"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Олжас Сүлейменов

7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күні!

Осы айтулы оқиғаға орай Агротехнологиялық факультетте "Азық - түлік қауіпсіздігі" кафедрасының аға оқытушысы - Садупова Тыныштық Борисовнамен онлайн-кездесу өтті.Тыныштық Борисовна студенттерді "дұрыс тамақтану", "пайдалы өнімдер" сияқты негізгі ұғымдармен таныстырды, дұрыс тамақтану мәдениетін тәрбиелеудің маңыздылығын, пайдалы және дәмді өнімдердің айырмашылықтарын түсіндірді, сондай-ақ дұрыс тамақтану түсінігі арқылы өз денсаулығына дұрыс көзқарасты қалыптастыру үшін жағдай жасау туралы айтты.
"Дұрыс тамақтану туралы әңгіме" студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, онда қойылған сұрақтарға толық жауаптар алынды. Біздің ең басты құндылығымыз-денсаулығымыз, сондықтан сау болыңыздар, достар! Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтаймыз!

09.04.2021