Сөздәйектер галереясы
Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.
"Академиялық ұтқырлық" дөңгелек үстелі
«Академиялық ұтқырлық» дөңгелек үстелі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Нұр-сұлтан қ.) арасындағы ынтымақтастық аясында Агротехнологиялық факультетінде онлайн режимде «Академиялық ұтқырлық» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде студенттердің академиялық ұтқырлығын талқылауға арналған.
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, әлемнің әртүрлі елдерінде оқу процестері мен оқыту стильдері қалай ерекшеленетіні, студенттердің қоғамдағы орны туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел соңында ЖОО өкілдері ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары мен перспективаларын талқылады
