«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі қызметкерлер мен бөлім басшылары үшін өткізген интеллектуалды ойында «Этика», «Адалдық», «Мәдениеттілік», «Алдын алу» сынды тақырыптар қозғалды. Қатысушылар 2 командаға бөлініп, университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, әдеп кодексі, Қозыбаев университетінің академиялық адалдығы, сыбайлас жемқорлық саласындағы ҚР заңнамасындағы заңдар жайында сұрақтарға жауап берді. Әрбір дұрыс жауап үшін белгілі бір ұпай саны беріліп, осылайша жеңімпаздар анықталады.
Ұйымдастырушылардың негізгі міндеттерінің бірі - тәрбиелік функцияны насихаттау. Қатысушылар өздері үшін жаңа ақпараттармен таныса алды. Сондайақ-ақ, қызметкерлерді біріктіру, бірыңғай корпоративті мәдениетті қалыптастыру, университеттегі адал ортаны қалыптастыруға бағытталған. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.