Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің ЖОО жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын өткізеді. Қазақстанның жетекші университеттерінің білім алушылары басым ғылыми бағыттар мен өзекті мәселелер бойынша өз жобаларын ұсынды. Конкурс студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру және республиканың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға үшін ұйымдастырылады.
Осылайшп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен сайыста Қозыбаев университетінің 4 студенті 2021 жылғы СҒЗЖ республикалық байқауының жүлдегерлері атанды.
"География" бағыты бойынша:
- 2 орын "Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы табиғи-ошақтық аурулар" жобасымен Тимур Барменбаев, ғылыми жетекші Мәжитова Г.З.;
- 3 орынды "М. Жұмабаев және Айыртау аудандарының топырақ жамылғысының тозуы" атты жобасымен Алексей Алешин иеленді, ғылыми жетекшісі Фомин И. А..
"Тарих" бағыты бойынша:
- 2 орынды "Жаһанданып жатқан әлемдегі қазақ мәдени бірегейлігін сақтау мәселелері" жобасымен Жұпар Ашмадьяр жеңіп алды, ғылыми жетекшісі Гривенная Л.А.
- 3 орынды "Қазақ халқы мен Орталық Азия халықтарының этногенез процесі:жалпы және ерекше" жобасымен Дмитрий Жолтецкий иеленді, ғылыми жетекшісі Гривенная Л. А.
Сондай-ақ, СҒЗЖ байқауы Сейфуллин атындағы ҚазАТУ базасында өтті. "Экология" мамандығы бойынша ҚР 17 ЖОО-нан 30 жоба келіп түсті. Біздің білім алушылар бұл бағыт бойынша да ерекшеленді:
- 3 орынға Ерлан Абдрахманов ие болды. "Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі" жобасы, ғылыми жетекшісі Байбусинова С.Б.
- 3 орын Индира Болат, "Ауылдық жерлерде қалдықтарды қайта өндеу мәселесі" жобасы, ғылыми жетекшісі Мажитова Г. З.
"Өсімдіктерді қорғау және карантин" бағыты бойынша
- 3 орынды Ернар Ерсайын иеленді, "Крафт" ЖШС жағдайында Колорадо қоңызына қарсы инсектицидтерді қолдану тиімділігі " жобасы, жетекшісі Қаңтарбаева Э.Е.;
- 3 орын "Жеміс-көкөніс өнімдеріндегі нитраттар" жобасымен Мадина Аужановаға берілді, ғылыми жетекші Панченко В. Ю..
Жүлдегерлер II және III дәрежелі ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды.