5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Педагогикалық факультетіБастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

 

Академиялық дәрежесі: 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызмет саласы: мектепке дейінгі ұйымдарда білім-тәрбие қызметін беру.

Кәсіби қызмет нысандары: Мектепке дейінгі мекемелердің түрлі типтері мен түрлері, шағын және дамытушы орталықтар, отбасылық балабақшалар, мектеп – балабақша, педагогикалық колледж, білімді басқару департаменті, білім жетілдірі институты болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білімдік (педагогикалық) – мектепке дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу,  жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту;
  • мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық процесті басқару;
  • педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесін жобалау, диагностикалау, түзету;  
  • мектепке дейінгі білім беру шеңберіндегі алдыңғы қатарлы тәжірбиелерді тарату.

Кәсіби қызмет мазмұны:

Болашақ тәрбиеші тұлғасын қалыптастыру: мотивациялық-қажеттілік, коннитивтік, эмоционалды-құндылық, коммуникативтік және рефлексивті, әр типті мектепке дейінгі ұйымдардағы кәсіби қызметке даярлығын қалыптастыру, инновациялық іс-әрекетке дайындығын және үнемі өздігімен білім алу қажеттілігін, жеке мәдениетін дамыту.

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының оқу нәтижелері

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013 ж.