Астрофизикалық зерттеулер орталығы

Сайт центра астрофизических исследований

Астрофизикалық зерттеулер орталығына (АЗО, жетекшісі С.А. Сартин, ф.ғ.к.) астрофизикалық обсерватория мен ғаламшар қарайды. Обсерватория Ричи-Кретьен жүейсіндегі  0.77 оптикалық телескоппен жабдықталған.  Обсерваториядағы  жоғары сапалы құрылғылар кең көлемді зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

2006-2013 жылдары мезосфералық күміс бұлттарға жүргізілген эксперименттік және теориялық зерттеулер ҚР ғана емес, шет елдерде де кең танылды.  АЗО ғалымдарымен күміс бұлттардың Жердегі ауа райы мен климаттық жүйеге қатысты деп шығарылған гипотизасы дәлелденді. МКБ шығу тегінің кей формаларының Жердің тропосферасымен байланысын көрсететін аналогы жоқ концепциясы жасалды.

Көп периодты өзгермелі жұлдыздардың жарқылының өзгерістерінің табиғатының зерттеуі де үлкен жетістіктермен атап өтілген. Алматыдағы ФАФИ мен Мәскеудегі ШМАИ ММУ-да расталған және әлемдік тәжірибеге ұқсамайтын еселі жұлдызды жүйеге кіретін қызыл алыптардың жарқырау өзгерісінің табиғатының жаңа физикалық концепциясы әзірленген.

Жерді қашықтықтан алдын ала тексеру (ЖҚТ) деректері, дәлірек айтқанда, космостық түсірілімдер Қазақстанның солтүстік өңірінің экономикасының көптеген саласы кеңінен қолданылуы мүмкін. Космостан алынған ақпараттың кеңінен таралуы оны жерге орналастыру, кадастрлі жұмыстардың күнделікті әрекеттерінде және жер мониторингісінің түрлі аясында қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Астрофизикалық зерттеулер орталығының қызметкерлерімен «Ғарыштан шаруашылық әрекеттің түрлі аясында тәжірибелік тапсырмаларды шешу мақсатында Жерді қашықтықтан алдын ала тексеру (ЖҚТ)» жобасын орындау аясында ғарыштық мониторинг орталығы құрылған.

Мемлекеттік басқару органдары мен республиканың халқының (соның ішінде заңды тұлғалар) арасындағы арақатынас механизмін геоақпараттық технологиялар негізінде әзірлеу жүргізіледі. Жер ресурстары мен мүлік объектілері бойынша біртұтас геоақпараттық жүйенің (ГАЖ) бөлікті құрылуы заңды және жеке тұлғалардың сонымен қатар мүлік және жер байланыстарының департаменті мен осы қызмет аясындағы аудандық және селолық деңгейінің муниципалдық білім әкімшілігінің қызметкерлерінің қажеттіліктерімен уағдаласқан.   

Географиялық ақпараттық жүйелер бұл географияға байланысты ақпараттардың барлық түрлерін енгізу, сақтау, жаңарту, талдау мен көрсетуге мүмкіндігі бар бағдарламалық-аппараттық кешен.

ГАЖ келесі құрылымнан тұрады:

  • кеңістіктік;  
  • деректерді құрылымдау;
  • салалық бағдарлану;
  • геожүйені зерттеу мен көрсетудің кешенді және жүйелі тәсілі;
  • геожүйені сипаттайтын параметрлердің маңызды сандарын бірлесіп талдау мүмкіндігімен мәселелерді шешудің бейімділігі мен көп нұсқалылығы.  

ГАЖ кез келген объектілі-бейімді барлық қажетті картографиялық және тақырыптық ақпараттарды алумен туған жағдайларға тиімді әрекет ету мүмкіндігін береді. ГАЖ негізінде түрлі үрдістерді, құбылыстарды үлгілеуге және олардың уақытылы өзгеру жағдайын зерттеуге болады.

Осы жағдаймен ГАЖ ЖҚТ деректерін Солтүстік Қазақстанның халық шаруашылығының түрлі салаларының жұмысына енгізуін іске асыру мүмкіндігін береді. Орындалып жатқан жоба аясында көптеген салалардың бөліктері бойынша мақсатты жүйе мониторингісін (МЖМ) өткізу ұсынылады.   

Солтүстік Қазақстан аумағында астроблемаларды іздестірудің ең қызықты және перспективті нәтижелері – Жерге астероидтер көлеміндегі денелердің құлауымен байланысты геологиялық білім. Бұл сипаттағы құбылыстар өңір бедерінің құрылуына және пайдалы қазбалардың орнының пайда болуына маңызды үлес қосты. Параллельді көрсетілген бағыт бойынша түрлі жыл мезгілінде Жерге жақын орналасқан ақпа жұлдыздардың түпнұсқалық зерттеулері жүргізілген.  

Айдың минералды ресурстарын зерттеу жұмыстары бойынша да өзіндік әсерлер болды. Оларды өндіру кезінде қысқа мерзімді айдың құбылыстарын (ҚАҚ) табу мен зерттеудің жаңа әдісі әзірленді және енгізілді. Қазақстанда алғаш рет осындай құбылыстарға бақылау жүргізілді, олардың физикалықмодельдері құрылды.  

Сондай-ақ, NVIDIA CUDA технологияларының көмегімен бақыланатын деректер негізінде 3D видеосы мен стереобейнелерді құру үшін, бақыланатын және спектральді деректерді өңдеуге арналған бағдарламалық кешенін  құру іске асырылады. Әзірленген бағдарламалық өндіріс бақыланатын деректерді өңдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және өңдеу мерзімін айрықша қысқартады.

Шет елдердің ғалымдарымен тығыз ғылыми байланыстар орнатылған. Ғарыш және Атмосфера Физикасы Институты (Кируна, Швеция) және Штернберг атындағы Мемлекеттік Атрономиялық Институтының ғалымдарымен табысты ынтымақтастық бекітілген. Орталық қызметкерлері өткізіліп жатқан зерттеулердің ерекше маңыздылығын, сондай-ақ, келешекте іргелі ғана емес, сонымен қатар қолданбалы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін аспаптық базасының даму перспективтілігін атап өтеді.

 

Обсерваторияның бар болу уақытында өзіндік әзірлемелер негізінде Алматы қаласындағы НЦ КИТ ДТОО «Астрофизикалық институт» 2 кандидаттық диссертация қорғалды. Сонымен қатар 7 магистрлік диссертация мен физика кафедрасы бойынша 20-дан астам дипломдық жұмыстар қорғалды, орталықта өткізілетін зерттеулер негізінде диссертация дайындап жатқан үш магистратура студентері оқуларын жалғастыруда. «Астрономия « мамандығы бойынша магистратура ашылды. Оқушылардың ғылыми жобаларын дайындау бойынша жиі қала және облыс мектептерінің оқушыларымен жұмыстар жүргізіледі. Мұндай сипатта 12 жұмыс орындалды, бұл жұмыстардың барлығы бірінші орын иегерлері.

АЗО базасында «Астрономия» мамандығының студенттерімен көрсету жәнебақылау техникаларын қолдана отырып жиі сабақтар мен тәжірибелер өткізіледі. Плонетарий проекторын қолдана отырып осындай сипатта жұлдыздар аспанының құрылуы бойынша зерттеулер жүргізіледі. Көрнекі құралдарды қолдана отырып объектіге түсіру мен оның кейінгі тіркелу дағдысын жетілдіріледі.

АЗО қызметі СҚМУ оқу-ғылыми бөлімшесінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүргізіледі.

«Астрономия» және «Физика» мамандығының студенттерінің астрономия бойынша оқу жұмыстарын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. АЗО базасында келесі пәндер бойынша дәрістік, тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізіледі:  

 

1. Жалпы астрономия 
2. Астрономия
3. Тәжірибелік  астрофизика
4. Астрофизика негіздері

5. Күнжүйесі мен Галактика астрофизикасы
6. Тұрақсыз жұлдыздар
7. Астрометрия
8. Галактикадан тыс  астрономия

2011 жылдың қыркүйек айында «Аспан денелері физикасы мен денелердің плазмалық жағдайының актуалды мәселелері. Эксперимент және математикалық үлгілеу» тақырыбында Еуропаның, ТМД және Қазақстанның жұмыстары көрсетілген ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

АЗО жиі әлемнің түрлі елдерінің делегацияларын қабылдайды. АЗО жұмысы бірнеше рет ҚР әкімшілік және парламент тобының делегациясына, ҚР БҒМ қызметкерлеріне, әкімдік және қоғамдық ұйымдардың делегацияларына ұсынылды. Орталықта жүргізілген зерттеулерді танымал етуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Әр түрлі басылымда 40-тан астам мақала басылып шығарылды, БАІ-мен орталықтың жұмысы туралы 30-дан астам сюжеттер дайындалып, бірнеше деңгейдегі телеарналардан көрсетілді.   

Көп көңіл ғылыми-ағартушылық және кәсіптік бағдарлану жұмыстарына бөлінуде. Ғылыми және оқу құралдарының жаңартылуы жүріп жатыр. Ғарыштағы алыс және жақын жұлдыздарыд да, объектілерді де экранда үлкенірек етіп көрсете алатын жаңа түсті планетарий алынды. Қала және облыс тұрғындарына ғарыштың объектілері жайлы түрлі тақырыпта ағартушылық дәрістер жиі жүргізіледі. 2005-2013 жылдары аралығында экскурсияның жалпы көлемі 300-ден астам құрады, сонымен бірге келіп-кетушілер саны 10 мың адамға асты.