5В010900 Математика

Ақпараттық технологиялар факультетіМатематика және информатика кафедрасы


Академиялық дәрежесі: 5В010900 «Математика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: білім; ғылым.

Кәсіби қызмет обьектілері:

  • орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындары; 
  • ғылыми зерттеу орталықтары; 
  • мемлекеттік басқару органдары;
  • өз жұмысында математикалық әдістерді қолданатын әр түрлі жеке меншік  ұйымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білім беру;
  • ғылыми-зерттеу; 
  • әлеуметтік-педагогикалық. 

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • нормативті міндетті психологиялық-педагогикалық, математикалық пәндерді, математиканы оқытудың әдістемелерін игеру;
  • педагогикалық, басқару қызметтерінің ғылыми негізін игеру;
  • педагогикалық ғылымдар және практиканың талаптары деңгейінде оқу-тәрбиелік процестерді ұйымдастыру;
  • ағымдағы, аралық және қорытынды үлгерім бақылауларын жүргізу және оларға тапсырма беру жинағын құрастыру;
  • барлық деңгейдегі математикалық олимпиадаларды және ғылыми байқауларды жүргізу және дайындау;
  • факультативтік сабақтарды жүргізу;
  • математикалық үйірмелерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • ғылыми-педагогикалық ақпараттар іздеу;
  • қосымша білім беру жүйесінде сабақ жүргізу;
  • оқушы ата-аналарымен жұмыс, мектептен тыс тәрбие мекемелерімен байланыс;
  • ғылыми-теориялық білімді және кәсіби біліктілікті арттыру, алдыңғы қатар педагогикалық және жеке тәжірибені біріктіру;
  • әріптестермен ғылыми және әдістемелік пікір алмасу, әртүрлі конференцияларға қатысу;
  • білім беруді дамыту концепциясяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру.

5В010900 "Математика мамандығының оқу нәтижелері

5В010900 "Математика" мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013 ж.