5В011300 Биология

Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетіЖалпы биология кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В011300 «Биология» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы:

  • білімберу саласы(орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде биология мұғалімі)
  • басқару (білім беру департаментінде, әкімшілікте, көгалдандыру, экология мекемелерінде және т.б.)
  • ғылыми-зерттеу саласы (биологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарында ботаника, зоология, адам анатомиясы, адам және жануарлар физиологиясы, экология, топырақтану, генетика, молекулалық биология, биотехнология, т.б.).

Кәсіби қызмет обьектілері: орта, орта кәсіптік оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, басқару саласы.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білім беру (педагогикалық) қызметі, түрлі оқу орындарында биология мұғалімі ретінде;
  • ғылыми-зерттеу қызметі (түрлі ұйымдарда салалық пәндер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу);
  • жобалау қызметі (жобалау және конструкторлық ұйымдарда жалпы және арнайы үлгілер жасау: көгалдандыру, суландыру, қайта қалпына келтіру, жоспарлау, мысалы: агробиостанциялар, жас натуралистер станциялары, т.с.с.);
  • өнеркәсіптік-басқару іс-әрекеттерін әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім беру бөлімшелерінде, әкімшіліктерде, биологиялық бағыттағы зертханаларда және т.б.);
  • биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте, технологиялық ұйымдастыру іс-әрекетінде (санитарлық эпидемиологиялық станцияларда, өсімдік пен жануарлар өнімдерін өңдеу өнеркәсібінде және т.б.).

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • педагог (пән материалын, оны оқыту әдістемесін, сыныптан тыс жұмыстарын, тәрбие үрдістерін, ата-аналармен бірге тілтабу өнерін игерген және т.б.);
  • зерттеуші (әдебиетпен жұмыс істеуді білетін, зерттеу жұмысының технологиялық бағдарламасын құрастыратын, тәжірибе мен бақылау жүргізетін, эксперименттік материалға талдау жасайтын және қорытындылайтын, одан тұжырым жасайтын және т.б.);
  • басқарушы (жұмысты дұрыс ұйымдастыратын, лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жұмыстың сапалы орындалуын қамтамасыз ете алатын).

5В011300 "Биология" мамандығының оқу нәтижелері

5В011300 "Биология" мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.