5В011600 Жағрапия

Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті → География және экология кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В011600 «География» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: білім беру.

Кәсіби қызмет обьектілері: Қазақстан Республикасының білім-беру-тәрбиелеу мекемелері (мектеп, лицей, колледж, мектептен тыс білім беру-тәрбиелеу ұйымдары мен зертханалары), мемлекеттік басқару ұйымдары, гидрометеорологиялық және туристік станциялар, орталықтар, т.б.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білім беру қызметі; мұғалім ретінде, жалпы білім беретін, білім берудің орта кәсіптік ұйымдарында;
  • тәрбиелеу қызметі, (мектептен тыс білім беру-тәрбиелеу ұйымдары, экологиялық және мектептегі өлкетану үйірмелерінде, қосымша білім педагогы, әдіскер, бөлім меңгерушісі, және т.б.);
  • ғылыми-зерттеу қызметі, (ғылыми-зерттеу, академиялық институттарда және жоғары оқу орындарында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер ретінде);
  • жоблау, (жоблау институттары мен ұйымдарында инженер, кеңесші, карта редакторы және т.б. ретінде);
  • сараптамалық қызмет, (табиғатты қорғау, табиғатты пайдалану, халықпен қамту және т.б. мәселелері бойынша сарапшы ретінде);
  • өндірістік қызмет, (табиғат ортасын қадағалау бойынша жүйелердің инженері ретінде, табиғатты қорғау ұйымдары, туристік-өлкетанушылық және экологиялық мекемелердің қызметкері ретінде және т.б.);
  • ұйымдастыру-технологиялық қызмет, (өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде).

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • оқу-тәрбиелеу үрдісі;
  • ғылыми-зерттеу жұмысы;
  • басқару-ұйымдастыру қызметі.

5В011600 "География" мамандығының оқу нәтижелері

5В011600 "География" мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.