5В011900 Шет тілі: екі шет тілдер

Тіл және әдебиет институты"Герман-роман филологиясы" кафедрасы  

Академиялық дәрежесі: 5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: 5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады.

Кәсіби қызмет объектілері: 5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім бакалаврдың кәсіби қызмет объектілері ретінде саналатын:

  • бастауыш білім беру және тәрбие;
  • негізгі және кәсіби мектеп;
  • мамандандырылған мектеп;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білімділік;
  • тәжірибелік-зерттеушілік;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • оқу-тәрбиелік;
  • оқу-технологиялық.

Кәсіби-педагогикалық қызметтің мазмұны:

5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби-педагогикалық қызметінің мазмұны: педагогикалық үрдісін сапалы түрде ұйымдастырып басқару, оқушыларды таным қызмет тәсілдерін белсенді түрде игеруіне бағыттау, білім берудің жеке бас маңыздылығы, барлық білім беру үрдісін оқушының жеке тұлғасына бағыттау, өзін-өзі бағалау және оқушылардың рефлексивтік қабілетін қалыптастыру іскерліктерін меңгеру, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың өзін өзі үйрету және кәсіптік бағдары үшін қолайлы жағдайларды жасау, педагогикалық істі психологиялық және әдістемелік дұрыс құру, мәдениетаралық қарым-қатынас жасау қабілет қамтамасыз ететін оқушының әлемнің инофондық бейнесін оқып жатқан тілдің көмегімен көрсете алу.

 

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының оқу нәтижелері

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.