5В050900 Қаржы

Тарих, экономика және құқық факультетіҚаржы және менеджмент кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: қаржыны басқару және ұйымдастыру, микро- және макро- деңгейде ақша-несиелік пен фискальді саясат жүргізу (мамандықтың бағыттары: банк ісі, қаржылық менеджмент, салық және салық салу, мемлекеттік бюджет және қазынашылық, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру).

Кәсіби қызмет обьектілері:

  • республикалық және аумақтық деңгейдің мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі, экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Агенттік, министрліктер мен ведомствалардың экономикалық қызметтері;
  • банктер, биржалар; бюджеттік мекемелер мен ұйымдар, инвестициялық және зейнеткерлік қорлар, сақтандыру, лизинг, ипотекалық компаниялар, шағын несие ұйымдары, экономикалық соттар;
  • әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері, бюджеттік ұйымдар;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • жоғары оқу орнына дейінгі мекемелер (мектеп, гимназия, лицей, колледждер).

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастыру-басқару;
  • өндірістік-технологиялық;
  • есептік-жобалау;
  • эксперименталды-зерттеу;
  • білім беру (педагогикалық);
  • экономикалық;
  • құқықтық.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • нақты кәсіпорынның қаржылық және ақша-несие институттардың қаржысын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
  • кәсіпорынның қаржылық және ақша-несие институттардың, сақтандыру, зейнетақылық, инвестициялық компаниялардың қаржылық қызметін жоспарлау және реттеу;
  • барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда және ақша-несиелік институттарда қаржыны басқару тиімділігіне талдау жүргізу;
  • өз кәсіби қызметін, сол сияқты ұлттық экономиканың барлық салаларындағы зерттеушілік, инновациялық, жобалық, кеңесшілік қызмет;
  • жалпы білім беру мен орта арнаулымекемелердегі білім беру қызметін іске асыру.

5В050900 «Қаржы» мамандығының оқу нәтижелері

5В050900 «Қаржы» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.