5В061100 Физика және астрономия

Ақпараттық технологиялар факультетіФизика кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В061100 «Физика және астрономия» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы:

  • эксперименталдық, теориялық, қолданбалы астрономия және космофизика саласы, сонымен қатар бір-бірімен шектес жаратылыс және техникалық ғылымдар;
  • білім беру саласы, сонымен қатар орта оқу орындарында педагогика, физика мен астрономияны оқыту теориясы мен әдістемесі салалары.

Кәсіби қызмет обьектілері:

  • ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмалары;
  • мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындары, сонымен қатар мемлекеттік емес білім беру ұйымдары;
  • өндірістік кәсіпорындары мен бірлестіктері.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • конструкторлық-технологиялық.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық қызметі:
    • қажеттi ғылыми-зерттеу әдiстерiн таңдау және жаңа әдiстердi, теориялар мен үлгілердi игеру және жасақтау;
    • астрономиялық және космофизикалық құбылыстар мен үрдістердi теориялық және эксперименталдық тұрғыда зерттеу;
    • ғылыми-зерттеуден алынған нәтижелердi қазіргі деңгейде өңдеу және талдау;
    • ғылыми-зерттеу нәтижелерiн практикалық есептердi шешуге қолдану;
    • құрылғыларды, құралдар мен жабдықтарды жобалау және дайындау;
    • ғылыми мақалалар жазу және басып шығару, ғылыми конференцияларға ғылыми есептер мен баяндамалар дайындау.
  • педагогикалық қызметi:
    • орта оқу орындарында физика және астрономия пәні бойынша сабақ беру;
    • физика және астрономияны оқытудың жаңа әдiстерi мен технологияларын жасау, оқу-әдiстемелiк құжаттарын дайындау;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметi: зерттеулер мен оқу-тәрбие үрдістерiн тиiмдi басқару схемасын iздестіру, құрастыру және ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзу.
  • констуркторлық-технологиялық қызметi: 
    • жобалау-конструкторлық құжаттарды жасау;
    • өндiрiстiк-технологиялық үрдістерiнiң жағдайын бақылау.

Учебные результаты 5В061100 Физика и астрономия