5В070300 Ақпараттық жүйелер

Ақпараттық технологиялар факультетіАқпараттық жүйелер кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша ақпараттық жүйелер бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: өнеркәсіп, ғылым, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару.

Кәсіби қызмет обьектілері: адамзат әрекетінің түрлі саласындағы ақпараттық жүйелерді құрастыратын, енгізетін және пайдаланылатын әр түрлі меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • жобалау-конструкторлық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • пайдаланушылық.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • өнідірістік-технологиялық қызметі:
    • ақпараттық жүйелердің құрама бөлшектерін жасау, бағдарлама мен бағдарлама кешендерін құрастыру;
    • ақпараттық жүйедегі бағдарламалық кешендерді тестілеу және өңдеу;
    • есептеу желісінің желілік қызметін инсталяциялау, конфигурациялау және әкімшілеу;
    • кәсіби қызмет обьектілерін сертификаттау.
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық:
    • ақпараттық жүйені жасау, енгізу және жанамалау жобасын басқару;
    • кәсіби қызмет обьектілерін жасақтау мен енгізу үрдісін ұйымдастыру кезінде технология, аспаптық құралдарды таңдау;
    • белгіленген сапа мен белгіленген мерзімде кәсіби қызмет обьектілерін жасақтау үрдісінің жеке кезеңдерін ұйымдастыру;
    • бекітілген кәсіби қызмет обьектілерін жасақтау үрдісін ұйымдастыру шеңберінде қызметкерлерді үйрету.
  • жобалау-конструкторлық қызметі:
    • пайдаланушылардың сұранысын, пәндік сала үлгісі мен техникалық құралдардың мүмкіндіктерін талдау негізінде кәсіби қызмет обьектілерінің жеке құрама бөлшектерінің талаптары мен ерекшеліктерін құрастыру;
    • ақпараттық жүйелердегі құрама бөлшектерінің сәулетін жобалау;
    • аппараттық-бағдарламалық кешендердің адамдық-машиналық интерфейсін жобалау;
    • жобалаудың осы заманғы әдістер, құралдар мен технологиялар негізінде, сонымен қатар автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалану арқылы ақпараттық жүйелердің математикалық, лигвистикалық, ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етілуін жобалау.