5В071200 Машина жасау

Инженерлік-техникалық факультетКөлік және машина жасау кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В071200 «Машина жасау» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

Кәсіби қызмет өрісі: өндіріс, әскери-өнеркәсіптік индустриямен бірге барлық салалар, көлік және байланыс, коммуналдық және ауыл шаруашылығы, білім беру мен тұтыну салалары.

Кәсіби қызмет объектілері: басқару органдары, жеке меншіктің мемлекеттік және мемлекеттік емес үлгідегі ұйымдары, индустрия, коммуналдық және ауыл шаруашылығы, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндіріс және тұтыну салалары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • жобалау-конструкторлық;
  • есептік-жобалау;
  • эксперименталды-зерттеу.

Кәсіби қызмет мазмұны өндірістік-технологиялық, жобалау- конструторлық, тәжірибелеу-зерттеу, ұйымдастырушылық-экономикалық және басқару қызметі, сонымен қатар жобалаудың заманауи әдістерін қолдану негізінде машина жасаудың бәсекелестікке қабілетті өнімдерін жасауға бағытталған есептік-жобалау құралдарының, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

5В071200 «Машина жасау» мамандығының оқұ нәтижелері

5В071200 «Машина жасау» мамандығының үлгілік оқұ жоспары, 2013ж.