Сапа саласындағы саясат пен мақсаттар

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеттінің сапа саласындағы саясаты

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстанның солтүстік өңіріндегі ірі ғылыми, білім беру және мәдени орталықтардың бірі болып табылады, жоғары білікті кадрларға, заманауи оқу-әдістемелік және материалдық базаға ие, кең спектрлі бағыттар бойынша үш деңгейде кадрлар даярлайды.

Университет миссиясы Солтүстік Қазақстан аймағы мен жалпы республиканың  даму стратегиялық міндеттерін шешуге қабілетті, жоғары білікті және әлеуметтік табысты тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Университет ұжымы өзінің қалыптасқан құндылықтары мен дәстүрлерін сақтай отыра, университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуына мүмкіндік беретін біртұтас ғылыми-инновациялық, ақпараттық-аналитикалық, әлеуметтік бейімделген ортаны дамытуға бағытталған.

Қызметіміздің ұстанымдары:

  • Тұтынушылар мен мүдделі тараптарды сапаны қамтамасыз етуге жұмылдыру, олардың талаптарын анықтап, орындау.
  • Нормативтік және заңнамалық талаптарға, ИСО 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес келу.
  • Сапа саласындағы Саясат пен Мақсаттардың, стратегияның бірлігін камсыздандыруда, қойылған мақсаттарға жету үшін барлық қызметкерлерді тартуда жоғары басшылықтың көшбасшылық етуі.
  • Үдерістік тәсіл мен қауіп-қатерге бағдарланған ойлау қағидасын қолдану.
  • Жалпы университет қызметін және сапа менеджменті жүйесін тұрақты жақсарту.
  • Деректер мен ақпаратты жан-жақты талдау негізінде маңызды басқарушылық шешімдер қабылдау.
  • Академиялық адалдықты және еркіндікті, жемқорлық пен кемсітушіліктің кез келген үлгісіне төзімсіздікті сақтау.

Сапа саласындағы саясаттың басты бағыттары:

  • Білім, ғылым және өндірістің бірігуі және үздік тәжірибелерді қолдану есебінен жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
  • Білім беру қызметінің сапалық сипаттамаларын жақсарту мақсатында тұтынушылардың қанағаттануын жүйелі бағалау.
  • Мемлекет пен жұмыс берушілердің түлектердің біліміне қоятын талаптары мен қажеттілігін талдау негізінде түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі мүмкіндіктерді тұрақты жақсарту.
  • Еліміздің білім беру кеңістігінің бірлігін сақтайтын және әлемдік білім беру кеңістігімен бірігу үшін жағдай жасайтын университеттің бірыңғай ақпарат ортасын дамыту.
  • Қолданбалы және іргелі зерттеулердің нәтижелілігін арттыру, ғылымның Солтүстік өңір мен еліміздің тұрақты дамуына қосатын үлесін арттыру.
  • Ғылыми зерттеу нәтижелері мен технологияларды коммерциялау үшін жағдайлар жасау.
  • Шетел және отандық жоғары оқу орындарымен бірлескен оқу және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының тәжірибелері мен халықаралық байланыстарды ұлғайту.
  • Студенттердің патриоттық сана-сезімін, азаматтық белсенділігін және салауатты өмір салтын арттыру.
  • Басқарудың корпоративтілігі мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында менеджментті жетілдіру.

Саясат университеттің даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады және сапа саласында мақсат қою және қызметті жоспарлау үшін негіз болады.

Университет басшылығы аталмыш Саясатты жүзеге асыру, барлық қызметкерлердің түсініп, қабылдауын қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойнына алады.

Университет ұжымы қабылданған Саясатқа жүгінуге міндеттеледі және университет қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыстың сапалы орындалуына жауапты.