5B090600 Мәдени-тынығу жұмысы

Педагогикалық факультетіСаз пәндері кафедрасы

Мамандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік

Академиялық дәреже: 5В090600 «Мәдени-сауық жұмысы» мамандығы бойынша мәдени-сауық жұмыстарының бакалавры

Қабылдау емтихандары: Қазақстан тарихы, қазақ (орыс) тілі, 2 шығармашылық емтихан (орындаушылық шеберлік, сценарий презентациясы).

Кәсіби қызмет саласы: Мәдени-сауық жұмысы бакалавры мәдениет, өнер, білім, ғылым және бұқаралық ақпарат салаларында кәсіби қызметің жүзеге асырады. 5В090600 «Мәдени-сауық жұмысы» бакалаврының кәсіби қызмет объектілері мәдениет, өнер мекемелері, шығармашылық орталықтар, әуесқой, клубтық бірлестіктер, орта білім беретін мәдениет, өнер оқу орындары, мектеп және мектептен тыс мекемелер және бұқаралық ақпарат болып келеді.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • өндірістік-басқару: мәдениет, өнер, білім салаларында бірлестіктерді және ұйымдарды, шығармашылық ұжымдарды, мекемелерді жетекшілік ету, мәдени орталықтарды, жеке меншікті әртүрлі фирмаларды және шығармашылық студияларды басқару,
  • шығармашылық: таңдалған мамандандыру бойынша орындаушылық шеберлік және теориялық білімдерді жоғары дәрежеде меңгеру; мәдени ағартушылық жұмыстарының әдістерін және түрлерін, тәжірибелік дағдыларын және ұжыммен, студиялармен, үйірмелермен жұмыс істеу, көпшілік іс-шаралар, концерттер, және спектакльдерді қою әдістерін меңгеру;
  • ұйымдық-шағармашылық: барлық әлеуметтік топтарда сауық ұйымдастыру және де шығармашылық ұжымдарды құру және жетекшілік ету, Халықаралық және Республикалық байқауларды, фестивальдерді, симпозиумдарды, шеберлік сыныптарды ұйымдастыру және өткізу;
  • білім беретін (педагогикалық): шығармашылық оқу орындарында арнайы пәндер бойынша педагогикалық қызметті атқару, педагогикалық міндеттерді қаулы ету, шешім шығару, сабақ берудің жаңа түрлері мен әдістерін еңгізу;
  • жобалық-технологиялық: адамдардың шығармашылық орындалуына жағдай жасау, әртүрлі мәдени салаларда шығармашылық жобаларды дайындау, сол жобаларға ақпараттық және жарнамалық қамтамасыз ету;
  • ғылыми-зерттеушілік: мәдени-сауық қызметтердегі, мәдениет салаларындағы жағдайларды, мәдени мұралардың көркем дәстүрлерін және тарихи заңдылығын зерттеу жүргізу, мәдени-сауық жұмыс тәсілдерін, түрлерін, әдістерін зерттеу;

Бакалаврдың кәсіби қызметтерінің мазмұны:

  • халық арасында мәдени-сауық жұмыстарын ұйымдастыру;
  • шығармашылық ұжымдармен және тәрбиелік жұмыстармен жетекшілік ету;
  • мәдениет пәндерін білікті оқыту.

5В090600 «Мәдени-сауық жұмысы» мамандығының оқу нәтижелері

5В090600 «Мәдени-сауық жұмысы» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.