Кітапхана тарихы

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының тарихы Петропавл мұғалім институты ашылған 1937 ж. бастау алады. Бірінші жылы кітапханада 1250 дана кітап болды, ол бір аудиториялық бөлмеге орналасып, кітапханада 30 жылдан астам еңбек еткен Ксения Дмитриевна Маркинамен басқарылды.

1959 жылы институт Пушкин көшесінде орналасқан жаңа ғимаратқа көшті. Осы ғимаратта кітапхана 3 аудиторлық бөлмеде орналастырылды, ал кітапхана қорында 53 800 кітап, кітапшалар мен журналдар болды. 

1955 жылдан бастап кітапхананы Людмила Александровна Авимская басқара бастады. Ол кітапхана жұмысының формалары мен әдістемелерінің дамуы мен жетілдіруіне зор үлес қосты. Оның еңбегі «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің озаты» белгісімен аталынды.

1960 жылы алфавиттік және жүйелік каталогтар, ал 1970 жылы басты анықтамалық картотека пайда болды.

1977 жылы кітапхананың ауданы айтарлықтай үлкейіп, 2 оқырман залы, 2 абонемент және анықтамалық-библиографиялык бөлім ашылды. Кітапхана үшін ғана емес, сонымен бірге түгел университет үшін қиын 90-шы жылдары кітапхана жетекшілігі Надежда Федоровна Ольховскаяның қолына берілді. Кітапхана қорын қалыптастыруда сол жылдары В.И. Ленин атындағы зауыттың Саяси білім беру мен кәсіби комитетінің үйі кітапханасы зор көмек көрсетті. 1993 жылы өлкетану картотекасының жазылуы басталады.

1996 жылы СҚУ кітапханасының құрамына жоғарғы техникалық колледждің кітапханасы кіріп, ұжымға Рахимова Г.М., Мандрыгина Г.И, Капустина Л.П., Кормина Н.Н., Милушина Б.Т., Қожахметова З.И. кірді. 

Өзінің кейінгі дамуын кітапхана 1998 жылы жаңа кітапхана директоры - Қымбат Найманқызы Нұрпейісованың тағайындалуымен жалғастырылған болатын. Осы дамуға кітапхана құрылымының үлкеюі, кітапхана қоры мен оқырмандарға қызмет көрсетуді салалық ұстаным бойынша ұйымдастыру, бірінші курс студенттері үшін кітапханалық сабақтарды енгізу жатады. Дәл осы жылдары жаңа технологияларды қолдануға аса үлкен назар аударылды. Кітапхана - бибилиографиялық үдерістерді автоматизациялау басталды: «Библиотека 4-02», ал одан кейін «Библиотека 5.4» ММУ-нің бағдарламалары сатып алынды, электронды тізімдеме жасалды, кітапхана Интернетке қосылды. 

1998 жылдан бастап кітапхана гранттарға иеленуге бірнеше рет сайысқа қатысады. «Пушкин кітапханасы» мегажобасына, «Ашық қоғам» институтының сайысына (Будапешт), Сорос-Қазақстан Қорының (бірнеше рет), Британ Кеңесінің, Еуразия Қорының, Гете атындағы институттың, USIS IREX USAID сайыстарына қатысып, кітапхана басылымдардың бірегей топтамаларын, теледидар мен модемді, солармен қатар оқу материалдары мен кітаптарды сыйға алды. Мәселен, 2001 жылы кітапхана Жазғы университеттің материалдарын, яғни Сорос Қазақстан Қорынан Қазакстан тарихы мен саясаттануынан бейнекассеталар топтамасын, ал 2002 жылы дүние жүзіне әйгілі «Міllеnnіum Воокs» атты Британ Кеңесі кітапханасынан 100 кітап сыйға алынды.

1998 жылдан бастап электронды кітапхана қорын ұйымдастыру мақсатында кітапханаға университет оқытушыларының электронды тасушыларда жасаған оқу құралдары беріледі. Дәл осы жылы кітапхана кешенінің меңгерушісі Қ.Н. Нұрпейісова Қазақстанның кітапхана қызметшілерінің II съезіне қатысты.

1999 жылы басты кітапхана үдерістерін автоматтандыру басталды. Кітапхана үдерістерін автоматтандыру жөнінде жұмыстың бастауында О.Макаренко, Т.Калантырева және А.Казиканова болды. Электронды мәліметтер базаларын жасау бойынша жұмыс басталды. Олардың ішінде өлкетанушылық тізімдеме, СҚМУ ғалым - оқытушылары еңбектерінің тізімдемесі, тақырыптық тізімдеме, диссертациялар авторефераттарының тізімдемесі бар. 

2000 жылы қазақ әдебиеті секторы ашылды. Осы уақытта оның кітап қоры шамамен 12 мың дананы құрады. Секторды білікті маман Г.Н.Темірова басқарды. Дәл осы жылы сирек қездесетін әдебиет қоры қалыптасты. Осы уақытта ХVIII-ХХ ғасырдың сирек кездесетін кітаптар топтамасының көлемі үш мың басылымнан жоғары болды. Сирек кездесетін кітаптар қорының анықтамалық басылымдардың топтамасына Ф.А.Брокгауз және И.А.Эфрон баспагерлердің Энциклопедиялык сөздігі, Гранат ағалы-інілерінің Энциклопедиялық сөздігі, С.П. Южаков редакциясындағы Үлкен энциклопедия, СҚМУ ғалымдары еңбектерінің жинақтары және диссертация авторефераттары жатады.

Оқу үдерісін жаңа заман оқулықтарымен қамтамасыз ету мен университеттің кітаптар қорын үдемелі жаңаруға үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Жоғары оқу орындар ассоциациясы 2003 жылы СҚМУ ректоры Оңдасын Бәйкенұлы Әшімовты, 2004 жылы кітапхана кешенінің меңгерушісі Қымбат Найманқызы Нұрпейісованы, ал 2006 жылы университеттің бірінші проректоры Феликс Алеексеевич Симді А. Байтұрсынов атындағы медальмен марапаттады.

2004 жылы кітапхана ауданы 170 шаршы метрге үлкейіп, 100 орынға әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің оқырман залын және көркем әдебиет абонементін ашуға қолайлы мүмкіндік ашылды.

2005 жылдың қазан айында СҚМУ-нің кітапханасында «Жоғары оқу орнының электронды кітапханасы: пайда болуы, қолданылуы және келешектегі дамуы» атты республикалык конференция өтті.

2006 жылдың маусым айында оқырман залдарында 24 компьютер орнатылып, электронды тасушылардың қоры 715 бірлік шамасында болды. 2007 жылы кітапхана толымдауына 150.0 млн. теңге бөлініп, кітап қоры 77839 кітапқа толды. Жылдың қорытындысы бойынша университеттің кітап қоры 1 млн. бірліктерден жоғары болды. Электронды кітапхана тізімдемесі алпыс мың жазбалардан асты. Ғылыми кітапхана қызметімен 10 мыңнан астам адам пайдаланып, оларға 1,2 млн. данадан астам кітап және журналдар берілді. Кітап қоры мен оқырмандар санының үлкеюімен байланысты кітапхана құрылымы кеңейіп, жаңа техника мен жабдықтар сатып алынды, оқырмандар үшін жақсы жағдайлар жасалып жатыр.

2007 жылы Нұрпейісова Қ.Н. делегаттар құрамында Квебек қаласында (Канада) «Шексіз кітапхана: жалпы өзара түсіністік жолында» атты кітапханашылардың Дүниежүзілік конгрессінің жұмысына қатысты.

2007 жылы №10 оқу ғимаратында жасалған жөндеуден кейін, кітапхана қазіргі дизайнды есепке алып, аудандарын үлкейтті. Кітапхана кешенінің құрылымы үлкейді, қазақ тіліндегі мерзімдік басылымдардың оқырман залын, электронды оқырман залын, оқытушылар үшін оқырман залын, сирек кездесетін әдебиет бөлімін, салалық оқырман залын (психологиялык-педагогикалык әдебиет) ашуға мүмкіндік туды, тізімдемелер залы үлкейді. Жаңа салалық оқырман залдарын аша отырып, кітапхана өзінің қорларын оқырмандарға мүмкіндігінше қол жетімді орналатқысы келеді.

Кітапхананы білім беру үдерісіне мүмкіндігінше жақындату мақсатында, №6 оқу ғимаратында экономикалық және заң әдебиет абонементі ашылды, физика-математикалык әдебиет қоры №5 оку ғимаратының абонементіне тапсырылды, ал дизайнге байланысты әдебиет №10 ОҒ абонементінде орналастырылды. Электронды оқырман залдарында мультимедиялық энциклопедиялар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламалары, көркем фильмдер жинақтарын табуға болады. 2009 жылдан бастап М. Қозыбаев атындағы кітапхана Қазақстан кітапханалар ақпараттық консорциумы ассоциациясының мүшесі болып табылады.

2010 жылы кітапханаға 70 заманауи компьютер берілді, ол, өз кезегінде, студенттердің оқуына және оқытушылардың жұмысына жағымды жағдай қалыптастырды. Дәл осы жылы «М.Қозыбаев атындағы СҚМУ басылымда» атты мақалалардың толық мәтінді мәліметтер базасы, «Виртуалды көрме» атты ақпараттық қор жасалды, сирек әдебиет қорынан ерекше сұранысқа ие әдебиет өңделді (4 кітап), кітаппен қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратты шұғыл түрде қол жеткізу мақсатында кітапхана сайтында «Мамандықтарды кітаптармен қамтамасыз ету» модулі жасалды. 2011 желтоқсанда автоматтандырылған кітапханалық - ақпараттық «Ирбис 64» жүйесі енгізілді. Осы жылы № 10 ОҒ оқу залына 15 жаңа ғасыр компьютерлері орнатылды.

2012 жыл. «Кітапхана 5.4» база мәлімет жазбасынан «Ирбис» электронды тізімдемесіне аударылды. Кітапхана оқу залдары 25 жаңа ғасыр комьпютерлерімен толықтырылды.

СҚМУ кітапханасының тарихы мен жетістіктері - ол тек қана мерзімдер мен көрсеткіштер ғана емес, сонымен бірге осы кітапханада ондаған жылдар бойы еңбек еткен адамдар. Олардың арасында М.А. Девяткина, К.Д. Боярская, Н.В. Грызова, Н.А. Шорохова, Н.Ф. Ольховская, З.И. Қожахметова, М.Ж. Нұржауыпова, А.П. Грейлих, Р.К. Әрібжанова, В.Б. Степанова, Н.П. Карлюченко, Н.Н. Кормина, Л.П. Капустина.

Кітапхананың жетістіктері бүкіл ұжымның жемісті әрі жанкешті жұмысынсыз мүмкін болмас еді. Кітапхана кешенінде 40 маман қызмет етіп жатыр, олардың ішінде жоғары білім иегерлері - 36 адам, олардың 13 жоғарғы кітапханалық білімнің иегерлері болып табылады. Бүгінгі таңда кітапхана кешенінің материалдық -техникалық базасы ақпараттық - білім беру кешендеріне қойылатын барлық заманауи талаптарға жауап береді: оқырмандар үшін 7 абонемент және 8 оқырман залы жұмыс істейді, оқырман залдарында NKZB Net желісіне қосылған 130 жаңа ғасыр компьютерлер орнатылған, оқырмандар Интернет желісінің қорларын, Республикалық университетаралық электронды кітапхананың корпоративті қорларын, сонымен бірге университетіміздің өз қорларын қолдана алады. Сонымен қатар, кітапхана заманға сай құралдармен жабдықталған. Мәселен, көпқызметтік құралдар - 6 бірлік, принтерлер - 8 бірлік, музыкалык орталық - 1 бірлік, үй кинотеатры - 1 бірлік, теледидар - 2 бірлік, т.с.с. 

Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетудің түрлі бағыттары бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсете отырып, СҚМУ-нің кітапханасы облыстың орташа арнайы оқу орындарының әдістемелік орталығы болып табылады.