6M070300 Ақпараттық жүйелер

Ақпараттық технологиялар факультеті → "Ақпараттық жүйелер" кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 6М070300 Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызметінің саласы: ақпараттық технологиялар мен жүйелерді зерттеу, әзірлеу және енгізу.

Кәсіби қызметінің нысандары:

бейінді даярлау бойынша:

  • мемлекеттік басқару органдарының компьютерлік қызметтері;
  • өндірістік кәсіпорындардың компьютерлік қызметтері;
  • қаржы ұйымдарының компьютерлік қызметтері және т.б.

ғылыми-педагогикалық даярлау бойынша:

  • ғылыми-зерттеу мекемелерінің ақпараттық қызметтері;
  • мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық қызметтері;
  • оқу орындары;
  • жобалау ұйымдарының ақпараттық қызметтері;
  • өндірістік кәсіпорындардың ақпараттық қызметтері және т.б.

Кәсіби қызметінің түрлері:

бейінді даярлау бойынша:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • есептік-жобалық;
  • сервистік-эксплуатациялық;
  • өндірістік-технологиялық;

ғылыми-педагогикалық даярлау бойынша:

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • жобалық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • жобалық және есептік-жобалық қызмет:
    • жобалау стратегиясын әзірлеу, жобалау мақсаттарын, тиімділік критерийлерін, қолданыс шектеулерін анықтау;
    • ақпараттық жүйелер мен технологияларды концептуалды жобалау;
    • ақпараттық жүйелер мен технологиялардың құрамдас бөліктерін жүйелі инженерия әдіснамасы негізінде жобалауға тапсырмалар дайындау;
    • автоматтандырылған жобалау құралдарын таңдау және тәжірибеге енгізу;
    • жобалық шешімдерді сәйкестендіру және типтеу.
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет:
    • әзірлеуші мен тапсырыс беруші ұжымдарын өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, түрлі пікірлер жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау;
    • ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жобалау кезінде түрлі талаптар (орындау құны, сапасы, мерзімі) арасында мәмілеге келу, оңтайлы шешімдер табу;
  • ғылыми-зерттеу қызметі:
    • зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетел тәжірибесін, ғылыми-техникалық ақпарат жинау, талдау;
    • түрлі саладағы кәсіби қызмет объектілерінің теориялық және эксперименталды модельдерін, сондай-ақ, түрлі бейіндегі кәсіпорындарды және ақпараттық қоғам экономикасы жағдайында барлық қызмет түрлерін әзірлеу және зерттеу;
    • объектілердің жұмыс істеу процестерінің сапасын болжау және оңтайландыру, талдау, синтездеу әдістемелерін әзірлеу және зерттеу;
    • автоматтандырылған жобалаудың стандартты пакеттері және зерттеулер негізінде үдерістер мен объектілерді үлгілеу;
    • белгілі әдістеме бойынша эксперимент қою және өткізу, нәтижелерді талдау;
    • эксперимент нәтижелерін талдау, шолу, есептер және ғылыми жарияланымдар әзірлеу және жасау;
    • ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дамуын болжау;
  • педагогикалық қызмет:
    • түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде бағыт пәндері бойынша педагогикалық жұмыс орындау;
    • лабораториялық және зерттеу кешендерін әзірлеу;
    • оқу үдерісін әдістемелік қолдау;
  • сервистік-эксплуатациялық қызмет:
    • қызметкерлер ұжымын даярлау және оқыту;
  • өндірістік-технологиялық қызмет:
    • өндірісте ақпараттық жүйелер мен технологияларды жобалау, енгізу және қадағалау үдерістерін авторлық бақылау;
  • ұйымдастырушылық-технологиялық қызмет:
    • ұйымдастырушылық құжаттар, технологиялық карталар әзірлеу және оларды оңтайландыру;
    • ақпараттық жүйенің жұмыс істеуінің сапалы көрсеткішін зерттеу және оларды жетілдірудің технологияларын қалыптастыру.

Учебные результаты 6М070300 Информационные системы

Аккредиттеу сертификаттары