6M011900 Шетел тілі: екі шетел тілі

Тіл және әдебиет институты"Герман-роман филологиясы" кафедрасы

Мамандық презентациясы

Аккредиттеу туралы куәлік

Академиялық дәрежесі: "6М011900 Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі: 2 жыл

Ашылу жылы: 2011

Магистратура бағдарламасының мақсаты:  шетел тілді білімі бар, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын және отандық әрі әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратурада кадрлар ғылыми-педагогикалық бағытта даярланады. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін терең ғылыми-педагогикалық білімі бар кадрларды жоғары оқу орнынан кейін даярлайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Аталмыш бағдарлама шеңберінде магистрант түбегейлі даярланады. Бұл ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ, жоғары мектепте сабақ жүргізу құқығын береді.

Кәсіби қызметінің түрлері:

- ғылыми-педагогикалық;
- ғылыми-зерттеу;
- білімдік-педагогикалық.

Оқу тілі: орыс.

Оқытылатын тілдер: қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс.

Магистранттар оқу барысында ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады, ғылыми конгрестерге, түрлі деңгейдегі конференцияларға, шетел тағылымдамаларына қатысады.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде магистранттар бір семестр ішінде АҚШ, Германия, Польша және т.б. әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігін алады.

Магистранттардың ғылыми-педагогикалық тәжірибесі өзге тілді білім мен ғылыми зерттеулерді ескерумен кәсіптік маңызды құзыреттер мен ғылыми деңгейдің жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

6М011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының оқу нәтижелері