6M060400 Физика

Ақпараттық технологиялар факультеті → Физика кафедрасы

Академиялық дәрежесі: жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызметінің саласы:

  • эксперименталды, теориялық және қолданбалы физика, астрофизика саласы, сондай-ақ, жапсарлас жаратылыстану және техника ғылымдары саласы;
  • білім саласы, педагогика, орта және жоғары оқу орындарында физика мен астрофизиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласы.

Кәсіби қызметінің нысаны:

  • ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, конструкторлық және жобалық бюро мен фирмалар;
  • мемлекеттік білім беру ұйымдары мен білім беру кәсіпорындары, мемлекеттік емес білім беру ұйымдары;
  • өндірістік кәсіпорындар мен бірлестіктер

Кәсіби қызметінің түрі:

  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • ғылыми-зерттеу қызметі және ғылыми-тәжірибелік қызмет:
    • қажетті ғылыми зерттеу әдістерін таңдау, жаңа әдістер, теориялар мен модельдер игеру және әзірлеу;
    • астрономиялық және космофизикалық құбылыстар мен үдерістерді теориялық және эксперименталды зерделеу;
    • ғылыми зерттеулердің нәтижелерін заманауи деңгейде өңдеу және оларды талдау;
    • зерттеу нәтижелерін тәжірибелік мәселелерді шешуде қоса пайдалану;
    • құралдар, астаптар мен жабдықтар жасау;
    • ғылыми мақалалар жазу және жариялау, ғылыми конференцияларға ғылыми есептер мен баяндамалар дайындау;
  • педагогикалық:
    • орта және жоғары оқу орындарында физика және астрономия бойынша сабақтар жүргізу;
    • физика мен астрономияны оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын, оқу-әдістемелік құжаттама әзірлеу.

Учебные результаты 6М060400 Физика