6D071200 Машина жасау

Академиялық дәрежесі: Машина жасау мамандығы бойынша философия докторы (PhD)


Мамандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік

Кәсіби қызметінің саласы:

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелеру, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдар, машина жасау кешенінің кәсіпорындары (өндіріс, әскери-өндірістік индустрия, көлік және байланыс, ауыл және коммуналдық шаруашылық салалары).

Кәсіби қызметінің нысандары:

мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері, индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, әскери-өндірістік кешен, өндіру және тұтыну салаларының мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік үлгілерінің мекемелері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми-зерттеу;
  • эксперименталды-зерттеу;
  • ғылыми-педагогикалық;
  • жобалық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

отандық және шетел ғылымының, техникасының және өндірісінің жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктері, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін, озық ақпараттық технологияларды қолдану, эксперименталды деректерді өңдеу және түсіндіру.