6M010300 Педагогика және психология

Педагогикалық факультеті → "Педагогика және психология" кафедрасы

Академиялық дәрежесі:

 бейінді бағыт бойынша - 6М010300 - "Педагогика және психология" бойынша білім магистрі;

  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - 6М010300 - "Педагогика және психология" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы:

  • ғылыми-педагогикалық: түрлі типтегі білім беру мекемелерінің ғылыми қызметкері;
  • бейінді: білім беру, педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау саласының педагог-психологы.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • білім беру ұйымдарын;
  • білім басқару органдары.

Кәсіби қызметінің түрлері: 6М010300 - "Педагогика және психология" мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

бейінді даярлау бойынша:

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық: педагогикалық білім беру жүйесінің менеджері;
  • білім беру: білім беру, педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау саласының педагог-психологы.

ғылыми-педагогикалық даярлау бойынша:

  • ғылыми-зерттеу: түрлі типтегі білім беру мекемелерінің ғылыми қызметкері;
  • білім беру: ная: білім беру, педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау саласының педагог-психологы.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  1. Топтардың және жеке тұлғалардың өмір тіршілігімен байланысты психолого-педагогикалық құбылыстардың диагностикасын іске асыру.
  2. Әлеуметтік-психологиялық диагностиканың теориялық және әдістемелік модельдерін әзірлеу, психодиагностикалық жүйелердің бағдарламалық қамтылуына техникалық тапсырмалар әзірлеу.
  3. Психодиагностикалық тұжырымдар және оларды ғылыми-зерттеу, сараптамалық және консультативтік қызметте қолдану бойынша кеңестер жасау.
  4. Әлеуметтік, саяси, экономикалық, ұйымдастырушылық жобалардың психологиялық құрамдас бөліктері мен салдарының тұрғысынан олардың сараптамасын жүргізу.
  5. Адами ресурстарды басқарумен, жұмыс үдерістерін ұйымдастырумен, өнімдердің (қызметтердің) тұтынушыларының тәлімімен байланысты психологиялық мәселелер бойынша ұйымдастыру консультацияларын беру.
  6. Әлеуметтік, білім беру, саяси және бизнес қызметі саласында психологиялық консультация жүргізу.
  7. Тұлғааралық қарым-қатынастар (отбасылық-некелік қарым-қатынастарды қоса алғанда), кәсіптік бейімделу және мансапты, тұлғалық дамуды жоспарлау саласында жеке әлеуметтік-психологиялық консультация жүргізу.
  8. Қатынасу, адамдардың тұлғааралық және топаралық өзара әрекеттесу, мансап құруды оңтайландыру және т.б. мәселелер бойынша жеке және топтық консультациялар.
  9. Адамдардың әлеуметтік-психологиялық бейімсізделуінің сан-қилы түрлерінің диагностикасы және оларға табысты әлеуметтік бейімделуі үшін  бірегей модельдер жасау.
  10. Түрлі бағыттағы тренингтер (тұлғалық даму, коммуникативтік тренингтер, топтық біртұтастық, бизнес-тренингтер және т.б.) әзірлеу және жүргізу.
  11. Ұйымның психологиялық қызметінің қызметкерлер құрамын басқару, консалтинг логикасында жоғары кәсіби консультативтік қызмет көрсету және коуч-технологияларды жүзеге асыру.
  12. Педагогика және психология ғылымдарының жетістіктерін танымал ету.
  13. Түрлі типтегі (жоғары, орта арнайы, жалпы білім беретін) білім беру мекемелерінде психолого-педагогикалық пәндерді оқыту.

Учебные результаты 6М010300 Педагогика и психология