Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялау

Инновациялық жобалардың қажеттілігі мен практикалық орындалуын қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық үдерістің маңызды кезеңі технологияларды коммерциялау болып табылады.   

ЖОО-да ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  1. "Қазақстан Республикасы аумағындағы тасқынды және өрт қаупі бар жағдайларды анықтау және суреттеу" жобасы
  2. "Микроэлектронды инженерияда DOCMEN екі деңгейлі инновациялық бағдарламасын әзірлеу" жобасы
  3. "Энергия үнемдеуші қатты отынды қазандар мен қазандықтар" жобасы
  4. "DDoS-шабуылдарына қарсы әрекет ету жүйесі" жобасы
  5. "Интеллектуалды бейнебақылау жүйесі" жобасы
  6. "Металдардың нанокөлемді ұнтақтары мен олардың химиялық қоспаларын цилиндрлі өткізгіштерді электрлік жару әдісімен синтездеу" жобасы
  7. "Егіс қарсаңында тұқымдарды активтендірілген сумен өңдеу" жобасы
  8. "Екібастұз көмірі күлі негізіндегі тыңайтқыштар" жобасы
  9. "Жақсартылған пайдалану қасиеті бар асфальтбетеонды жабындар өндіру" жобасы
  10. "Плазмалы энергияның жоғары байытылған көздерін қолдану арқылы бұйымдарды орнына келтіру және нығайту үшін құрал-жабдықтарды әзірлеуге арналған технологиялық жоба" жобасы  
  11. "Тірі тарих" тарихи-этнографиялық туристік саябағы" жобасы
  12. "Заман Таспасы" онлайн-жобасы
  13. "Қазақстанның гүлді шараптары" жобасы
  14. "Дәнді дақылдарды өңдеу және сақтау технологияларын, 5 мың тонналық автономды энергия көздері мен инновациялық үлгідегі көлденең сүрлемдері бар астық қоймасының тәжірибелік үлгілерін әзірлеу" жобасы