Студенттік өзін-өзі басқару

Студенттік өзін-өзі басқару - студенттердің оқуын, тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекші үлгісі.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Студенттік ректораты университеттің жүйелі бөлімі ретінде 2016 жылдың 1 қазанында құрылған. Студенттік ректорат – бұл студенттердің әлеуметтік-маңызды бастамаларын іске асыратын, білім беру үдерісін басқаруға қатысуды жүзеге асыратын, студенттерге қатысты мәселелерді шешу қатысатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші, өкілетті студенттік ұйым. 

Біздің іс-шаралар

СҚМУ Студенттік ректоратының мақсаттары: 

• Университеттің беделін арттыру; 
• Студенттердің оқуға байланысты мәселелерін шешуге жәрдемдесу; 
• Студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуына жәрдемдесу; 
• Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау; 
• Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту; 
• Студенттердің университет өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету; 
• Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту. 

Студенттік ректорат студенттердің шығармашылығын, олардың жауапкершілігі мен азаматтық позицияларын, әлеуметтік белсенділікті дамытуға ықпалын тигізеді. Студенттік ректораттың тұрақты жиналыстарында студенттердің маңызды мәселелері шешіліп, өзекті сұрақтары талқыланады. 

Студенттік ректорат өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: 
• ғылыми-зерттеу жұмыстары; 
• мәдени-бұқаралық жұмыстар; 
• салауатты өмір салтын насихаттау және спорт.

Осы салалармен терең жұмыс жасау арқылы және студенттерді дұрыс үйлестіру арқасында, Студенттік ректорат студенттерге білім, білік, дағдылар жиынтығын беріп қана қоймай, студенттердің өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеуге септігін тигізеді. Студенттік ректораттың белсенділері өмірдегі өз орнын анықтай алатын сапалы біліміне сүйеніп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыратын, үнемі даму үстінде жүретін, өз-өзін өмір бойы оқуға бағыттап отыратын қабілетті тұлғалалар – студенттер. 

Байланыс: 

Біздің мекен – жайымыз 214 ауд. , 6 корпус (сағат 16.00-ден 19.00- ге дейін) 
Біздің электрондық пошта: skgu_stud_rektorat@mail.ru 
Біз Вконтакте желісінде: https://vk.com/nksu_stud_rektorat 
Біздің Instagram: skgu_stud_rektorat


Университетте бірнеше студенттік ұйымдар жұмыс істейді: