6D075100 Информатика, есептегіш техника және басқару

Академиялық дәрежесі: 6D075100 Информатика, есептегіш техника және басқару мамандығы бойынша PhD докторы


Мамандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік

Кәсіби қызметінің саласы: ақпараттық технологиялар мен жүйелерді зерттеу, әзірлеу және енгізу; білім беру мекемелеріндегі ғылыми, педагогикалық және басқарушылық қызмет

Білім беру бағдарламасының мақсаты: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу секторы үшін терең ғылыми және педагогикалық дайындыққа ие кадрлар даярлау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • таңдаулы ғылым бағыты бойынша терең теориялық және тәжірибелік дайындау;
  • өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, барлық белсенді тіршілік әрекеті барысында өздігінен шығармашылық тұрғыда жаңа білім игеру қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру;
  • кәсіби мәдениет, кәсіптік тілдесу мәдениетінің жоғары деңгейіне ие, азаматтық ұстанымы бар, заманауи ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешуге қабілетті, жоғары оқу орындарында сабақ жүргізе алатын, зерттеу және басқару қызметін табысты іске асыра алатын мамандар даярлау;
  • ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және өткізу дағдыларын меңгеру.

Доктор:

  • техникалық құралдардың даму деңгейі, ғылыми жетістіктер, халықаралық ғылыми форумдар жайлы хабардар болуы;
  • информатиканың теориялық негіздерін, есептегіш процестерді басқару әдістері мен модельдерін, заманауи зерттеу әдістері мен есептегіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы соңғы жетістіктерді білуі;
  • ғылыми зерттеулердің міндеттерін белгілей, оларды жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеп, орындалуына жетекшілік ете алуы;
  • информатика, есептегіш техника, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқару саласында ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалана білуі;
  • информатика, есептегіш техника, бағдарламалық қамтамасыз ету және аралас салада мамандық бойынша кәсіби қызметте білікті болуы тиіс.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • мемлекеттік басқару органдарының компьютерлік қызметтері;
  • өндірістік кәсіпорындардың компьютерлік қызметтері;
  • қаржы ұйымдарының және т.б. компьютерлік қызметтері;
  • ғылыми-зерттеу мекемелерінің ақпараттық қызметтері;
  • мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық қызметтері;
  • оқу орындары;
  • жобалық ұйымдардың ақпараттық қызметтері;
  • өндірістік кәсіпорындардың ақпараттық қызметтері және т.б.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • есептік-жобалық;
  • сервистік-эксплуатациялық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • жобалық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

жобалық және есептік-жобалық қызмет:

  • жобалау стратегиясын әзірлеу, жобалау мақсаттарын, тиімділік критерийлерін, қолдану шектеулерін анықтау;
  • ақпараттық жүйелер мен технологияларды концептуалды жобалау;
  • жүйелік инженерия әдіснамасы негізінде ақпараттық жүйелер мен технологиялардың құрамдас бөлшектерін жобалауға тапсырмалар дайындау;
  • автоматтандырылған жобалау құралдарын таңдау және тәжірибеге енгізу;
  • жобалық шешімдерді сәйкестендіру және типтеу.

ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет:

  • әзірлеуші және тапсырыс беруші ұжымдарының өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, түрлі пікірлер жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау;
  • ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жобалау кезінде түрлі талаптар (орындау құны, сапасы, мерзімі) арасында мәмілеге келу, оңтайлы шешімдер табу;

ғылыми-зерттеу қызметі:

  • зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетел тәжірибесін, ғылыми-техникалық ақпарат жинау, талдау;
  • түрлі саладағы кәсіби қызмет объектілерінің теориялық және эксперименталды модельдерін әзірлеу және зерттеу;
  • объектілердің жұмыс істеу процестерінің сапасын болжау және оңтайландыру, талдау, синтездеу әдістемелерін әзірлеу және зерттеу;
  • автоматтандырылған жобалаудың стандартты пакеттері және зерттеулер негізінде үдерістер мен объектілерді үлгілеу;
  • белгілі әдістеме бойынша эксперимент қою және өткізу, нәтижелерді талдау;
  • эксперимент нәтижелерін талдау, шолу, есептер және ғылыми жарияланымдар әзірлеу және жасау;
  • мен технологиялардың дамуын болжау;

педагогикалық қызмет:

  • түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде бағыт пәндері бойынша педагогикалық жұмыс орындау;
  • лабораториялық және зерттеу кешендерін әзірлеу;
  • оқу үдерісін әдістемелік қолдау;

сервистік-эксплуатациялық қызмет:

  • қызметкерлер құрамын даярлау және оқыту

өндірістік-технологиялық қызмет:

  • өндірісте электр энергетикасы жүйелерін жобалау, енгізу және қадағалау үдерістерін авторлық бақылау;

ұйымдастырушылық-технологиялық қызмет:

  • ұйымдастырушылық құжаттар, технологиялық карталар әзірлеу және оларды оңтайландыру;
  • ақпараттық жүйелердің сапалы жұмыс істеу көрсеткіштерін зерттеу және оларды жетілдіру технологияларын қалыптастыру.

6D075100 Информатика, есептегіш техника және басқару мамандығының оқу нәтижелері