Мемлекеттік білім беру грантына үміткерлерге

Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі.

Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, ал «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» мамандықтарына кемінде 60 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде  10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады.

Мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  • ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификаты;
  • 3x4 көлеміндегі екі фотосурет;
  • 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:

  • еңбек кітапшасы;
  • жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);
  • жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама.

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

Педагогикалық мамандықтарды таңдаған және арнайы емтиханнан «өткен» талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, таңдау пәніне сәйкес төрт жоғары оқу орны және төрт мамандық бойынша қатысады.

 

Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:

  • «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
  • тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.

Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ауыл квотасы әрекет ететін мамандықтарының тізімі

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В010200

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

5В010300

Педагогика және психология

5В010400

Бастапқы әскери дайындық

5В010500

Дефектология

5В010600

Музыкалық білім

5В010800

Дене шынықтыру және спорт

5В010900

Математика

5В011000

Физика

5В011100

Информатика

5В011200

Химия

5В011300

Биология

5В011400

Тарих

5В011500

Құқық және экономика негіздері

5В011600

География

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті

5В011900

Шетел тілі: екі шетел тілі

5В012300

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

5В050400

Журналистика

5В050600

Экономика

5В050800

Есеп және аудит

5В051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В070300

Ақпараттық жүйелер

5В071300

Көлік, көліктік техника және технологиялар

5В071800

Электр энергетикасы

5В071900

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

5В072700

Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

5В072900

Құрылыс

5В080100

Агрономия

5В080200

Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы

5В080700

Орман ресурстары және орман шаруашылығы

5В090600

Мәдени-тынығу жұмысы