Байқау кеңесі

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Байқау кеңесі – бұл Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында белгіленген мәселелер бойынша мемлекеттік кәсіпорынның басқару органы.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Байқау кеңесі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 455 бұйрығымен құрылды. Кеңес құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, өңірлік атқарушы биліктің, қаржы секторының, білім беру саласы мен жеке бизнестің өкілдері кірді.

Университеттің Байқау кеңесі келесі өкілеттіктерге ие:

  • Министрлікке Университеттің даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;
  • Даму жоспарының орындалуы туралы есеп жобасын мақұлдайды, Университеттің жылдық қаржылық есебін алдын ала бекітеді;
  • қосымша көздерден, оның ішінде Университеттің иелігінде қалған таза пайда жағынан алынған демеушілік және қайырымдылық көмектер мен қаражаттарды бөлу туралы шешім қабылдайды;
  • бюджеттік қаражаттарды және қосымша көздерден алынған қаражаттарды мақсатты пайдалануға бақылау жасау үшін Университет пен оның кұрылымдық бөлімшелерінің құжаттамаларымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттарды мақсатты пайдалануға тексеру жүргізу үшін Министрлікке ұсыныстар енгізеді;
  • ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады;
  • Байқау кеңесі хатшысының өкілеттік мерзімін және жалақысының мөлшерін тағайындайды, анықтайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
  • Министрлікке Университеттің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
  • Университет қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды;
  • Министрлікке Университеттің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;
  • Министрлікке Университеттің филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді;
  • аудит  жүргізетін аудиторлық ұйымды мақұлдайды, қаржылық есебінің аудиті үшін аудиторлық ұйымның көрсеткен қызметіне төлем жасау мөлшерін анықтайды.