М. Қозыбаев атындағы Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын зерттеу орталығы
ҰДТМЗО қызметінің негізгі мақсаты негізгі мақсаты археологиялық зерттеулерді ұйымдастыру, университеттің ғылыми әлеуетіне негізделген білім беру қызметінің тиімділігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқытушыларды, қызметкерлер мен студенттерді тарту, университет әзірлемелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасы тарих ғылымының дамуы болып табылады.
ҰДТМЗО қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:
- ғылыми мәселелерді бірлесіп шешу және университеттің тәжірибесін тәжірибеде қолдануды кеңейту мақсатында университеттің, сонымен қатар академиялық және оқу орталықтарымен ғылыми ынтымақтастықтың перспективалық түрлерін дамыту;
- шет елдердің оқу және ғылыми мекемелерімен әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты ұйымдастыру, тәжірибе алмасуға қатысу, ғылыми зерттеулер, білім беру, консалтингтік және басқа бірлескен бағдарламалар.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді:
- Солтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің дамуы мен мәдени байланыстарын, қалыптасу (генезис) мәселелерің зерттеу;
- М.Қ. Қозыбаевтың отандық тарих ғылымының дамуына қосқан ғылыми үлесін зерттеу;
- «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаның, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру жобаларына қатысу;
- конференция және симпозиумдарды ұйымдастыру,тағылымдамаларды өткізу, ғалымдармен алмасу, ғылыми және археологиялық экспедициялар, көрмелер, тақырыптық кездесулер жүргізу;
- ғылыми-зерттеу нәтижелелерін оқу үрдісіне енгізу.
