Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жетекші әдіскер–математик

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Кучер Татьяна Павловна 1950 жылы әскери отбасында дүниеге келді. Мектепті бітірген соң К. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтында физико-математика факультетінде оқыды.

Оны 1972 жылы бітіріп, Тимирязев орта мектебінде математика мұғалімі, кейін Докучаево орта мектебінде директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1975 жылдан бастап Петропавл қ. №35 мектебінде жоғары сыныптарда математика мұғалімі.

Бұл оның педагогикалық қызметіндегі ең қызық кезі болатын. Оның оқушылары облыстық және республикалық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, Мәскеу, Ленинград және Новосибирсктегі белгілі ЖОО-ның математика факультеттеріне оқуға түседі. Ол өз оқушыларын мақтан етеді, ал олар онымен кездесіп, болашақтағы жоспарларымен бөлісетін.

1981 жылдан бастап Татьяна Павловна өзінің кәсіби қызметін К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтының педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі кафедрасымен байланыстырады.

Оны, білікті математик-практик ретінде кафедраға бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесін жетілдіру үшін шақырады. Татьяна Павловна бұл күрделі іске қызыға кіріседі. Кейін Мәскеудегі КСРО педагогика ғылымдарының Академиясы жаңындағы оқытудың мазмұны мен әдістерінің ғылыми-зерттеу институтында үш жылдық тағылымдама және аспирантураға оқуға түсуі. 1987 кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. Кейін өз институтына педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі кафедрасына қайта оралды.  1990 жылы «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі» мамандығы бойынша доцент дипломын алады. 1989 – 2009 жылдары «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі» кафедрасын басқарады. Оның кафедрасы оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша ең үздік кафедралардың бірі болып саналады. Татьяна Павловна республикада бірінші болып «Искорка» инновациялық Мектепке дейінгі Орталығында мектепке дейінгі оқитын дайындық топтары үшін математикалық басты ұғымдары бойынша тиімді есептер жүйесін бейімдейді. 1992 жылы Татьяна Кучер аз қамтамасыз етілген мектептер үшін мұғалімдерді даярлау бойынша РОӘО белсенді мүшесі.

Кучер Т.П. ғылыми халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарларға белсене қатысады. 1997 жылы Кучер Т.П. «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төс белгісімен марапатталды.

2007 - 2014 жылдары Татьяна Павловна орта мектепте 12-жылдық білім беруді енгізу жөніндегі республикалық экспериментке қатысады. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер үшін математика (2-6 сыныптар) оқулығы мен бағдарламасы авторларының бірі болды.  

2013 жылы «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» атағына ие болды. 2014 жылы «Интеграция систем дошкольного и школьного образования на опыте Франции» Халықаралық семинарға қатысып, біліктілігін арртырды.

Кучер Т.П. 300 –ден астам жарияланымның авторы, оның ішінде соңғы үш жылда 32 оқулық (2 – Мәскеуде және 1 – Санкт-Петербургте). 11 импакт-факторы бар мақала. Оның еңбектері қазақстандық журналдарда және Ресей, Украина, Австрия, Германия, Чехословакия басылымдарында жарияланады.

2015-2016 оқу жылы Кучер Т.П. гуманитарлық ғылымдар саласында ең үздік ғылыми құралдар ІІІ Бүкілресейлік байқауында «Лучшее учебное пособие для студентов по направлению «Психология и педагогика» және «Лучшее учебное пособие для детей дошкольного возраста» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. Сол жылы «Классика образования» халықаралық оқу құралдары байқауына қатысып, «Математика». Номинациясының лауреаты атанды. Конкурс нәтижесі бойынша «Математика. Тесты (Москва, издательство Юрайт, 2016. – 417 с.) оқулығы шықты. 2016-2017 оқу жылы Кучер Т.П. гуманитарлық ғылымдар саласында ең үздік ғылыми құралдар ІҮ Бүкілресейлік байқауының лауреаты атанды.

ЖОО-да жұмыс істеу барысында ол өзін тәртіпті, жауапты және ұқыпты қызметкер ретінде көрсетті. Оқитын пәндері бойынша Кучер Т.П. оқу-әдістемелік кешенін әзірледі: ПОӘК, тестілер, лекйия презентациялары, оқу құралдары мен видео-лекциялар. Дәрістер мен практикалық сабақтарды жоғары ғылыми және әдістемелік дәрежеде жүргізеді. Жыл сайын студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді. Кейбір студенттердің ғылыми жұмыстары Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстары байқауына жіберіледі. Оның жетекшілігімен жазылған ғылыми жұмыстар грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталған.

Татьяна Павловна кафедра өміріне белсене қатысады, Педагогика факультеті Кеңесінің мүшесі. 

2016 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

 

Крылова Л.А, профессор,

педагогика ғылымдарының докторы