Факультет | Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті (МжЖҒФ) |
---|---|
Кафедра | География және экология (ГжЭ) |
Білім беру саласының коды және жіктелуі | 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика |
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі | 6B052 Қоршаған орта |
Білім беру бағдарламаларының тобы | В051 Қоршаған орта |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6B05202 Экология |
Аккредиттеу | Сертификат |
Білім беру бағдарламасының түрі | Негізгі |
Білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі | Жаратылыстану ғылымдары саласында іргелі білімі бар, қоғам мен мемлекет талаптарына сәйкес кәсіби және мансаптық өсу үшін өмір бойы өздігінен оқуға жане өздігінен білім алуға қабілетті. Ұжымда конструктивті өзара әрекеттесуге, экология саласындағы ғылыми-өндірістік міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін шешім қабылдауға қабілетті. Қоршаған ортаға әсерді барынша азайту мақсатында персоналды басқару, технологиялық процестер мәселелерін шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктерді пайдалануға дайын. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, заманауи ГАЖ технологияларын, бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық деректер қорын меңгеру деңгейін көрсетеді. Шығармашылық шешімдер қабылдайды, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді, жаңа идеяларды түсінуге, қабылдауға және кәсіби қызметте жүзеге асыруға қабілетті. Көптілді және көпмәдениетті ортада сәйкестендіруді орнатуға дайын, төзімділік танытады, тарихи-мәдени мұраға құрметпен қарайды, қолайлы психологиялық жағдай жасау және ұжымда коммуникациялық байланыстарды қалыптастыру үшін табиғи-ғылыми дүниетанымды растайды. Еліміздің әрбір азаматының жынысына, жасына, этникалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға қатысады. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған. Қоршаған ортаға техногендік қысымның алдын алу және болдырмау, экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында экология және қоршаған ортаны басқару саласындағы нормалар мен ережелердің, заңнамалық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады. |
Білім беру бағдарламасының мақсаты | Қоғамның және қоршаған ортаның орнықты дамуын, мемлекеттің экологиялық саясатын, "жасыл экономиканы" дамытуды іске асыру, экологиялық сана мен дүниетанымды, әлеуметтік ортаның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қатысу үшін қоршаған орта мен табиғат пайдаланудың сапасын қорғау, бақылау және басқару, өндірістік және өндірістік емес саланың әртүрлі салаларының кәсіпорындары мен мекемелерінде экологиялық туризм саласында мамандар даярлау |
Білім деңгей | Бакалавриат (Жоғары) |
Берілетін дәреже | жаратылыстану бакалавры |
Кәсіптік қызмет саласы (ЭҚЖЖ бойынша секция) | - |
Кәсіптер тізімі | - |
Кәсіби қызмет түрлері | - |
Кәсіби қызмет объектілері | Табиғи және антропогендік экожүйелер: қорғалатын табиғи аумақтар; өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер, қоршаған орта мониторингінің экологиялық қызметтері |
Бағдарламаның ерекшеліктері | Дуалды оқыту сэлементтерінің білім беру бағдарламасы, академиялық алмасу бағдарламасы |
Оқу түрі | - |
Оқу кезеңі | Жалпы орта білімі бар бакалавриат студенттерінің оқу мерзімі бүкіл оқу кезеңінде кемінде 240 академиялық кредит және оқу жылы үшін кемінде 60 академиялық кредит білім беру кезеңімен айқындалады. Жоғары білімі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар немесе кеш білімі бар бакалавриат студенттерінің оқу мерзімі формальды және формальды емес білім берудің бұрын қол жеткізілген нәтижелерін ескере отырып айқындалады. Сонымен бірге, егер білім алушы пәннен және оқу қызметінің басқа түрлерінен оқу жылына кемінде 60 кредит объектісімен Жеке оқу жоспарын қалыптастырса, оқу кезеңі ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін. |
Оқыту тілі | - |
Кредиттер/сағаттар көлемі (кем емес) | 240/7200 |
Алдыңғы білім деңгейі | - |
Бағдарлама менеджері | Доскенова Бану Бейсеновна |
ББ Кәсіби стандарт/салалық біліктілік шеңбері негізінде әзірленді |
- |
"Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингісіндегі орны, 2022 жыл |
14 орын |
---|---|
Қосымша ақпарат | |
Білім беру бағдарламасы жайлы пікір қалдыруыңызды сұраймыз |