"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сөздәйектер галереясы

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.

Ақансері Қорамсаұлы
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

Аризона университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын «Бизнес және менеджмент» жаңа халықаралық бағдарламасы

Құрметті 2023 жылғы талапкерлер!
Kozybayev University-де Аризона университетімен бірлесіп іске асырылатын «Бизнес және менеджмент» атты жаңа халықаралық бағдарлама ашылады.
Бұл бағдарламаға біздің университет үшін 70 грант бөлінді!

Қажетті талаптар:

  • ҰБТ тапсыру нәтижелері бойынша кемінде 50 балл жинау;
  • ҰБТ тапсыру үшін келесі пәндерді таңдау (Математика, География, Қазақстан тарихы, Оқу сауаттылығы, Математикалық сауаттылық);
  • аталған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 5 балл жинау.

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • 3×4 өлшемді 10 фотокарта;
  • 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты (әңгімелесу хаттамасы);
  • білім беру грантын беру туралы куәлік (болған жағдайда);
  • егу паспортының көшірмесі (анықтама 063-У нысаны)

Грантқа құжаттарды қабылдау кезеңі - 2023 жылғы 13 шілдеден 20 шілдеге дейін.
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады: 8-707-629-6917 Есембекова Динара Темірғалиқызы, 8-701-164-6596 Абуталипов Данияр Оралтайұлы


13.07.2023 09:00