"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сөздәйектер галереясы

Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс.

В.Г.Белинский
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

Қос дипломды бағдарламаларға түсушілер үшін ағылшын тілінен емтихан

Құрметті талапкерлер!

Сізге KUEPT - қос дипломды/Аризона бағдарламаларына түскісі келетін үміткерлер үшін арнайы ағылшын тілінен тегін емтихан ұсынамыз.

Емтихан сіздің ағылшын тіліндегі дағдыларыңызды бағалайтын екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең (1,5 сағат) – грамматикалық тест, оқу, жазу түрінде 10 шілдеде, 4 корпус 410 кабинет, 9.00-де өтетін болады.

Екінші кезең (20 мин) - сұхбат негізінде, бірінші кезеңен кейін, 13 шілдеге дейін университетте, сондай-ақ онлайн режимінде тапсыруға болады.

Барлық ұпайлар саны - 100, ал қос дипломды бағдарламаларға түсу үшін кем дегенде 70 балл жинау қажет.

Емтихан нәтижелері 13/15 шілдеде белгілі болады және поштаңызға келеді.

Ақпарат алу және тіркелу үшін - 8 705 227 66 18 Ақмарал.

Мұқият дайындалып, білім мен жаңа мансаптық мүмкіндіктерге есік аш!


10.07.2023 09:00