20 шілде мен 30 шілде аралығында тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылданады.
Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында тіркелуге болады.
Тамыз айындағы ҰБТ шекті балл жинамаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтуіне және ЖОО-ға ақылы негізде түсуіне мүмкіндік беру үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер тамыз айындағы тестілеуде бейіндік пәндердің комбинациясын өзгерте алады.
Барлық бес ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмайтын талапкерлер ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде қабылдана алады. Бұдан әрі олар қаңтар, наурыз, негізгі, тамыз айларында өтетін ҰБТ-2024-ке қатыса алады және ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балл жинай алады.