2023 жылғы 11-14 тамыз аралығында магистратураға түсушілер үшін гранттар конкурсына құжаттар қабылдау өтеді.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші қабылдау комиссиясына береді:
«Магистр» дәрежесінің білім беру грантын тағайындау конкурсында білім беру бағдарламалары тобының бейіні, шет тілі бойынша КТ нәтижелерінің балдары, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест ескеріледі.
КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқықты білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест нәтижелері бойынша жоғары балл алған адамдар алады, содан кейін оқуға дайындығын анықтауға арналған тест нәтижелері, бұдан әрі шет тілі бойынша тест нәтижелері, содан кейін диплом қосымшасында (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average) ескеріледі.