«Қайырымдылық өмір нормасы» монологы
Қайырымдылық біздің өміріміздің бір бөлігіне айналуда.
Бірақ кейбіреулер үшін бұл өмірдің бір бөлігіне, міндетті шарты мен қажеттілікке айналады.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Қызықты адамдар» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық клубының жетекшісі Писаренко Алла Витальевна жиналған қауыммен қайырымдылыққа қалай келгені және осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқандығымен бөлісті.
«Мейірімділік әлемді құтқарады» деген өмірлік кредосы бар А.В. Писаренко тыңдаушылармен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қайырымдылықпен қалай айналысуға болатынын және оны не үшін жасау керектігін түсіндіреді.
Ол COVID-19 коронавирустық пандемия кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған рөлі және өзі басқаратын қайырымдылық клубы қандай жұмыстар атқарып жатқаны туралы әңгімелейді.
Музыкалық шығармаларды вокалды орындау, ұйымдастырушылық сияқты қабілеттері мен адамдарға деген жанашырлығымен ерекшеленетін Алла Витальевна көптеген қайырымдылық концерттерінің бастамашысы болып табылады. Жиналған қаражат қымбат емді қажет ететін, күрделі дертке шалдыққан мұқтаж балаларға аударылады.
Оның жеке үлгісі барлық тыңдаушыларды басқаларға қайырымды және мейірімді болуға шабыттандырады және мұқтаж жандарға қолдан келген көмекті көрсетуге деген құлшынысын оятады. Қайырымдылық біздің өміріміздің нормасына айналуы керек.
Монологты көру үшін мына сілтемеге өтіңіз