"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сөздәйектер галереясы

Қолыңыздан келмейтін нәрсені істеуге қорықпаңыз. Есіңізде болсын, Нұх кемені әуесқой салған, ал Титаникты - кәсіби мамандар

Дейв Барри
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ

Құрметті студенттер, Біз университетіміздің Студенттік үкіметінің президенті сайлауының басталғанын жариялаймыз!

Үміткерлер үшін:

  • М. Қозыбаев ат. СҚУ білім алушысы болу;
  • Студенттік үкімет туралы Ережемен университеттің ресми сайтында (құжаттар тізілімінде) немесе 8 777-083-23-39 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы танысу;
  • @kozybayev_sp Instagram парақшасында био-дағы сілтеме бойынша сайлауға қатысуға өтініш толтыру;
  • Үміткерді қолдайтын кемінде 300 студенттің (білім алушылардың жалпы санының 5%) колтаңбасын жинау;
  • Өмірбаян дайындап 2024 жылғы 29 қаңтар мен 6 ақпан аралығында mbnazarov@ku.edu.kz электрондық поштасына жіберу қажет. 

Сіздің кандидатураңызды Instagram желісіндегі ресми парақшасына орналастыру үшін 2024 жылдың 7 ақпанына дейін mbnazarov@ku.edu.kz электронды поштасына бейне материалды (өзіңіз туралы толық ақпарат, университетіміздің өмірін жақсартуға арналған идеялар) ұсыну қажет.

Сайлау кезеңдері:

  • 2024 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Үгіттеу кезеңі (үгіт материалдары ретінде үміткерлер өздігінен жабыспайтын парақшаларды, үміткер туралы ақпараты бар бейнероликтер, буклеттер мен баннерлерді пайдалана алады);
  • Сайлау алдындағы пікірталас - 2024 жылдың 14 ақпаны;
  • Microsoft Forms арқылы Онлайн дауыс беру - 2024 жылдың 15 ақпаны;
  • Дауыс беру нәтижелері Instagram @kozybayevuniversity ресми парақшасында жарияланады

Барлық сұрақтар бойынша 8 777-083-23-39 WhatsApp нөміріне хабарласыңыз


15.02.2024 18:00