Әр адамның өзінің өмір сенімі бар. Хасанова Диляра Ғабидуллақызы үшін өмір мәдениет саласындағы және қоғамның басқа салаларында әділетсіздікпен, білімсіздікпен, жетілмегендікпен, формализммен, қарапайымдылықпен табанды күрес ретінде көрсетіледі.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімінен Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет, спорт, туризм, мұрағат, қоғамдық ұйымдар қызметін және жастар саясатын өткізу бойынша жетекішілік ететін облыстық әкімдіктің мемлекеттік қызметшісіне дейінгі өмір жолынан өткеннен кейін Диляра Ғабидуллақызы қазіргі бар проблемаларға деген көзқарасымен және оларды шешу жолдарымен бөлісті.
Ол өзінің өмірлік «өзегін» қалыптастыруға көмектескен ата-анасы және адамдар жайлы айтты. Ол мынадай сұрақтарды қозғады: «Өмір бойы шыншыл және батыл болу керек пе?», «Егер өмірде ойлаған нәрсең іске аспай жатса, қойған мақсатқа қалай жетуге және бас тартпауға болады?», «Өз беделің жайлы немесе сен туралы басқа адамдар сіз туралы не ойлайтыны туралы алаңдау керек пе?», «Басқа адамдарға немесе тек өзіңе үміт арту керек пе?».
Хасанова Д.Ғ. ҚХА кафедрасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіне аса көңіл аударды. Оның ойынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде құрылған ең жақсы ұйым. Оның Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Түрік мәдениеті» ҚБ туралы баяндамасы қызықты болып табылады.
Монолог соңында Диляра Ғабидуллақызы баршаға бейбіт аспан, жастарға – білімге ұмтылуға, өз ісінің маманы болуға, қойылған мақсаттарға жетуге және адамдарға пайдалы болуға тіледі.
Толығырақ танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.