"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сөздәйектер галереясы

Танымның үш жолы бар: ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжрибе, ең мәртебелісі - ойлау.

Конфуций
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

Монолог М. Қозыбаев ат. СҚУ әскери кафедрасының бастығы, запастағы полковник Саржанов Рабирт Жәнібекұлының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Қызықты адамдар клубы» жобасы аясындағы «Отанды қорғау – азаматтың қасиетті борышы әрі абыройы» монологы

Қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында ұлттық қауіпсіздік, патриоттық тәрбие және азаматтардың жеке жауапкершілігі мәселелері алдыңғы қатарға шығып отыр. Осы тұрғыда әскердің рөлі мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің қоғам өміріндегі орны туралы ашық әрі шынайы әңгіме ерекше маңызға ие.

Саржанов Рабирт Жәнібекұлы өзінің кәсіби жолы туралы айтып, әскери мамандықты таңдауға не себеп болғанын, сондай-ақ бүгінгі күні жинақтаған білім мен тәжірибесін студенттерге жеткізуді не үшін маңызды деп санайтынын бөлісті.

Рабирт Жәнібекұлы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті әскери кафедрасының қызметі туралы кеңірек тоқталып, кафедра оқытушылары мен студенттерінің тарихи жадыны сақтау және әскери тарихтың ұмыт қалған беттерін қайта жаңғыртудағы үлесі жайында баяндады.

Кафедра бастығы студенттерді іріктеу қалай жүргізілетінін, қандай мамандықтар бойынша білім алатынын, әскери-техникалық мектептердегі даярлықтың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол әскери тәртіптің азаматтық жоғары оқу орнында да маңызды екенін атап өтіп, студенттер үшін практикалық дайындықтың қай элементтері ең күрделі болып табылатынын айтты.

Сонымен қатар, жастарды алаңдататын заманауи мәселелер де қарастырылды: барлық ер азаматтар әскери қызмет өткеруі тиіс пе, бүгінгі күні әскерде     әлімжеттік бар ма және оның алдын алу үшін қандай шаралар қабылдануда, қыздар әскери қызмет атқара ала ма, Қазақстан армиясындағы бір жылдық қызмет жеткілікті ме, кейбір жастар неге әскери қызметтен жалтарады және армия туралы қандай мифтер мен стереотиптер кең таралған.

Рабирт Жәнібекұлы жастар мен жерлестеріне жүрекжарды үндеу жасап, өз еліне деген сүйіспеншіліктің, тарихқа құрметтің, өмірлік жолды саналы таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол Отанға қызмет ету тек әскери борышты өтеумен шектелмей, күнделікті еңбек, игі істер және қоғамның дамуына қосқан үлес арқылы да жүзеге асатынын жеткізді.

Монологты көру үшін сілтеме бойынша өтіңіз.


18.03.2026 18:00