Желтоқсан айының басында Астана қаласында жастар арасында қазақша күрестен «ЖАС БАРЫС» Республикалық турнирі өтті. Сайысқа Қазақстанның барлық өңірлеріндегі спорт клубтарынан 500-ге жуық спортшылар келді. Солтүстік Қазақстан облысының атынан ПФ «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының студенттері де қатысты. Спарринг кезінде олар ең жақсы нәтижелер көрсетіп,жеңіс тұғырынан көрінді!
Дмитрий Динер 78 келі салмақ дәрежесінде
Досжан Сапарғали 55 кг салмақ дәрежесінде
Әділет Мұрзаш +100 кг салмақ дәрежесінде 3-ші орынды иеленді!
Студенттеріміз бен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!