ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ және Қозыбаев университеті Солтүстік және Орталық Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарын дамыту бойынша ғылыми-технологиялық сессия ұйымдастырды.
Биылғы жылы жетінші ғылыми-технологиялық сессия Қозыбаев университетнің алаңында негізгі міндеттерді шешу және агроөнеркәсіпке инновацияларды енгізу үшін орталық және Солтүстік Қазақстан Агро кәсіпорындарының ғалымдарын, сарапшыларын, өкілдерін, Германия мен ҚХР серіктестерін жинады.
«Жоғары ғылыми-техникалық комиссияда ҚР Премьер-министрі О.А. Бектеновтың тапсырмасы бойынша өткізілетін ғылыми-технологиялық сессиялар мемлекеттік маңыздылықтың біршама түйінді мақсаттарына қол жеткізу үшін стратегиялық құрал болып табылады. Біріншіден, олар ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың жаңа тетіктерін әзірлеуге көмектеседі. Екіншіден, ғылыми-технологиялық сессиялар, ғалымдар мен өндірушілер инновациялық шешімдерді жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін алаң құрып, экономиканың нақты сұраныстары мен қажеттіліктерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Өзара іс-қимылдың бұл форматы ғылым мен бизнес арасындағы кооперацияны жақсартып, жаңа, экспортқа бағдарланған өнім өндіру үшін коммерцияландыру жобаларын ілгерілетуге ықпал ететіні ерекше маңызға ие. Бұл қазақстандық экономиканың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін қажет нәтиже»,-деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.
Солтүстік Қазақстан өңірінің әлеуеті бар және университет оның ғылыми және академиялық орталығы болып табылады.
«Өңірдің салалық ерекшеліктерін ескерсек, біз үшін өте маңызды оқиға. ҚР ҒЖБ министрлігі ғылым, өндіріс қызметкерлері мен сарапшылардың басын қосу туралы бастамасын ұсынды. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында технология қарқынды дамып келеді. Өз технологияларын, өнімділігін жақсартып, шаруашылық жүргізудің органикалық тәсілдерін қалыптастырғысы келетін көптеген кәсіпорындар пайда болды. Ғылымсыз және жаңа серпінді зерттеулерсіз мұны жүзеге асыру мүмкін емес екені мәлім. Сондықтан бүгінгі міндет– ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен тікелей айналысатын кәсіпорындардың мәселелерін анықтап, ғалымдармен бірлесіп шешімін табу. Бүгін Қытайдан, АҚШ-тан, Германиядан келген ғалымдарды қарсы алдық. Бұл бірлескен талқылау мен пікірталастарға толы нәтижелі алаң», - деді Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев.
Ғылыми-технологиялық сессияның қорытындысы бойынша негізгі проблемалар тұжырымдалды, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялар үшін негізгі бағыттар анықталды, сондай-ақ болашақта коммерцияландыру үшін ұсынылатын бірінші кезектегі ғылыми-техникалық міндеттер мен болашақ зерттеулердің тақырыптары айқындалды. Олардың ішінде агросектордағы мәселелерді шешу: су ресурстары және суару жүйелері; топырақты үздіксіз талдау және дәнді дақылдарды өсіруді жақсарту факторларын анықтау; жемшөп дайындау базаларында астықты сақтау мен басқаруды автоматтандыру және ЖИ пайдалана отырып, жемшөп дайындау процестерін оңтайландыру; селекция және тұқым шаруашылығы; АӨК саласындағы әкімшілендіру.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар «Зенченко и К» ЖШС, «AVAGRO» ЖШС, «Радуга» ЖШС сүт зауытының өндірістік алаңдарын аралады.
Шешімдерді талқылауға және әзірлеуге бейінді министрліктер мен мекемелердің өкілдері де қатысты - Дархан Ахмед-Заки, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі, Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, Ербол Тасжүреков, ауыл шаруашылығы вице-министрі, Кинтал Исламов, «Атамекен Агро» АҚ Басқарма төрағасы, Olga Hunger, Area Director Eastern Europe, Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогы жобасының жетекшісі (АӨД, Германия АШМ), Jiang Zhongliang, профессор, мал шаруашылығы және технологиялар колледжі, Солтүстік-Батыс Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (ҚХР).