Сөздәйектер галереясы
Мәдениеттің мәйегі - кітап.
Шерхан Мұртаза
ПФ cпартакиаданың жеңімпазы
Спартакиада өз мәресіне жетті! Студенттер демалыста, ал оқытушылар денелерін шынықтырып, спорттық ойындарға белсенді қатысты. Тоғыз құмалақ, үстел теннисі, волейбол, шахмат, стритбол, жүзу, дартс, шағын футбол, арқан тартыс сияқты спорттың 9 түрінен екі апта бойы өтті. Дәл соққылар, шабуылдар, эмоциялар арқылы, әрбір қатысушы жарыста нағыз командалық рух сезінді!
Жеңіс тұғыры келесідей анықталды: АФ командасы 152 ұпаймен 3-орынға ие болды. Спартакиаданың күміс жүлдегері ӘБП болса, ПФ жеңімпаз атанды!Жаңа спорттық жеңістер тілейміз! Спартакиаданың барлық түрлеріне қатысқан Әскери кафедраның басшысы Рабирт Саржанов «Үздік ойыншы» атағын алды.
20.01.2025