Қозыбаев университеті «Ауыл» партиясының СҚФ-мен меморандумға қол қойды, бұл ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға ықпал етеді. Солтүстік Қазақстан облысының «Ауыл» партиясының өңірлік бөлімшесі жастар арасында жұмысшы мамандықтарын ілгерілету үшін «Студенттік және жастар жасақтары» бағдарламасын іске асырады.
«10 бағыт бойынша жастар жасақтарын құру мақсатында меморандум жасалды: құрылыс, экология, педагогика, ветеринария, агрономия, сервистік қызмет көрсету және т.б. Ол бойынша жұмысқа орналастыру жүргізіледі. Біздің міндетіміз-жастарды тек демалыс кезеңінде ғана емес, тұрақты негізде жұмыспен қамтамасыз ету. Қазір біз жұмыс берушілермен тығыз жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сәуір-мамыр айларында студенттерді қызмет орындарына жібереміз. Сондай-ақ, біздің мақсатымыз- «еңбек адамы» имиджін арттыру»,- деді «Ауыл» партиясын СҚОФ төрағасы Қайрат Пішенбаев.
Мамандарды даярлауда тәжірибеге бағдарланған тәсілді қалыптастыру үшін біздің ЖОО-да дуальды оқыту енгізілді. Бұл студенттерге кәсіпорындарда сабақ оқуға, жұмыс берушілермен жақынырақ танысуға және кейіннен жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
«Біздің оқу ордамыз «Серпін» бағдарламасына қатысады. Бізде еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінен келген балалар білім алады. Аграрлық бағытта оқитын осындай студенттерді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылатын «Ауыл» партиясының мүшелеріне бекіту идеясы пайда болды. Табысты қызметке орналасқан фермерлер мен менеджерлердің мысалдары қажет. Соның арқасында олар жақсы табыс табуға болатын инновациялық шаруашылықтарды алға тартады»,– деп атап өтті Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев.
Сондай-ақ, меморандум шеңберінде тараптар ғылыми, әдістемелік, ақпараттық, аналитикалық және сараптамалық қызмет, студент жастардың кәсібилігін арттыру саласында ынтымақтасатын болады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; студенттердің, магистранттардың және PhD докторанттардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру; тәжірибе алмасу, оқыту семинарларын, тренингтерді, тағылымдамаларды өткізу бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу жоспарлануда