«AntiParaCraft» сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест ойыны- сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдісі ретінде академиялық адалдық қағидаттарын тәрбиелеуде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл шара университетте бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді.
Осы жолы факультеттер мен институттан 7 команда қатысты. Барлығы 50-ге жуық қатысушы. Құқықтық білімді кеңінен насихаттау мақсатында студенттер түрлі кампус орындарын аралап, тапсырмаларды орындады. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өз жобаларын ұсынды, подкасттарды көрсетті, сұрақтарға жауап берді және жұмбақтарды шешті.
Командалардың жұмысын қазылар алқасы: QazaqstanMedia бас директоры Тимур Жұманов; «Shyaq» қоғамдық қорының директоры Рүстем Арманов, Медиаорталықтың бас редакторы Диана Халимова, Ішкі аудит қызметінің маманы Тимур Айтуллин, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің комплаенс академиялық қызметкері Ажар Балахметова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер, студент Айнұр Серғалиева бағалады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1 орын – МФ
2 орын – ТжӘИ
3 орын- ТЭҚФ
Құттықтаймыз!