Өзбекстан астанасында Begin Edu Fair Group ұйымдастырған беделді халықаралық университет көрмесі өтті. Қатысушылар арасында Еуропаның, Солтүстік Американың және Оңтүстік-Шығыс Азияның жетекші университеттері бар. Қазақстан атынан Қозыбаев университеті, ҚМЭБИ және ҚБТУ қатысты.
Шараға 700-ге жуық талапкер жиналды, олардың көпшілігі ата-аналарымен бірге келді. Аризона университетімен қос дипломдық бағдарламаларымыз үлкен қызығушылық тудырды: көрменің ондаған қатысушылары өтінім беріп, қазақстандық және американдық білім алуға ниет білдірді. Талапкерлерді университетте оқу құны, грант алу мүмкіндіктері, қаржылық қолдау және жатақханадағы тұру жағдайлары қызықтырды.
Этникалық қазақтар оқуға түсу талаптары мен академиялық перспективалар, грант алу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. Айтып өткен жөн, біздің университетте Foundation дайындық факультеті бар. Мұнда үміткерлер сабаққа, тіл курстарына қатыса алады, ҰБТ-ға дайындалып, университет өміріне бейімделеді.