Академиялық ұтқырлық-шетелде білім алып, халықаралық деңгейде тәжірибе жинаймын деген жандардың тамаша мүмкіндігі! Бұл жолы 3 студентіміз Шығыс Еуропаның жетекші университеттеріне бір семестрға оқуға аттанды.Қазіргі таңда ТжӘИ «Шет тілі: екі шет тілі» бағдарламасының білім алушылары Зарина Джұмабаева мен Малика Сальжанова Литваның Миколас Ромерис университетінде оқудан өтуде. Олар жаңа білім беру тәсіліне бейімделу арқылы білім дағдыларын кеңейтіп, бірегей академиялық тәжірибеге ие болады.
Тағы бір студентіміз Александр Шабанов, Польшаның Лодзин университетінде білім алып жатыр. Оның оқу саласы– электроника және телекоммуникация саласына бағытталған (ИСТФ).Шетелде оқу барысында студенттер таңдаған оқу саласы бойынша жан-жақты білім алады, көп саяхаттайды, және ой-өрістерін кеңейтеді!